2016 жылғы 17 ақпанда "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК стандарттау жөніндегі №34 техникалық комитеттің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Смарт сити» ішкі комитетін құру жөнінде кездесу өтті.

"2016 жылғы 17 ақпанда ""Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты"" РМК стандарттау жөніндегі №34 техникалық комитеттің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Смарт сити» ішкі комитетін құру жөнінде кездесу өтті.

Кеңеске «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, Техникалық реттеу комитетінің қызметкерлері, «Зерде» Холдингінің қызметкерлері, мемлекеттік органдардың және әкімдіктердің, стандарттау жөніндегі №42, №55, №70, №83 техникалық комитеттердің өкілдері, ТК 34 және смарт сити бойынша сттандарттар әзірлеуге тікелей мүдделі ұйымдардың мүшелері қатысты.
«Зерде» Холдингінің қызметкерлері «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының қабылданған заңы туралы, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы туралы айтып берді. Бұдан басқа, кездесу шеңберінде ""Астана Innovations"" АҚ ""Смарт Астана"" концепциясының жобасын көрсетті.

2015 жылғы 15 желтоқсандағы ТК 34 №2 отырысында, ТК 34 ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағыСмарт сити ішкі комитетін құруға бастамашылық етті, оның шеңберінде ИСО/ТК, ХЭК халықаралық ынтымақтастығы және ""Смарт сити"" дамыту бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу жоспарланып отыр.
ТК 34 мемлекеттік және халықаралық (өңірлік) деңгейлерде ақпараттық технологиялар саласында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуді, келісуді және бекітуге дайындауды қамтамасыз ететін тұрақты қызмет ететін сабағаттық-кеңестік орган болып табылады.

 ""Зерде"" Холдингі АҚ баспасөз қызметі