Іс-шара қыркүйектің 7-нен 9-ы аралығында болады және бір алаңда өз кәсіби тәжірибесімен бөлісетін және қазіргі кездегі экономикалық жағдайлардағы цифрлық модельдерге өтуді қарастыратын Орталық Азия, Әзірбайжан және Моңғолияның аса ірі компанияларының АТ-басшыларын, IDC жетекші талдаушыларын және АТ-индустрияның негізгі ойыншыларын жинайды.

IDC CIO Summit қатысушылары, интерактивті панельдердің жалпы екпінін, шебер сыныптарын, дөңгелек үстелдерді және сессияларды қолдай отырып, деректермен жұмыс істеу үшін негізді құратын бизнестің сервистік моделі, бұлттық есептеулер мен мобильдік технологиялар, әлеуметтік желілер мен үлкен деректер тақырыптарын талқылайды.

IDC CIO Summit ашылуы IDC Орталық Азия және Әзірбайжандағы өңірлік өкілі Андрей Беклемишевтің және «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма Басшысы Әсел Жиенбаеваның құттықтау сөзімен басталды.

«Зерде» холдингінің басшысы өз сөзінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуының маңыздылығы туралы, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халық өмірінің жақсаруында, Қазақстан экономикасы өсімінің себептесуіне және елдің технологиялық дамыған зияткерлік ұлтқа айналуында негізгі рөлді атқаратынын атап өтті.

Іс-шара шеңберінде баяндамалармен аға вице-президент Стивен Францен (EMEA, IDС өңірі), Әсел Сейтмағамбетова ICT & IM. Head of Information Management, NCOC N.V., IBM Systems Вице Президенті, IBM Орталық және Шығыс Еуропа (CEE) Григорий Шомштейн және т.б. cөз сөйлейді.

«Зерде» Холдингі» АҚ Баспасөз қызметі