5 ақпанда Алматы қаласында «Digital Almaty 2021 – цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» халықаралық форумы өтеді.
Форумның негізгі міндеттеріне цифрландыру саласында өңірлік және жаһандық деңгейде күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың алдағы қадамдары мен перспективаларын талқылау болып табылады. Биылғы жылдың күн тәртібі COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған жаһандық өзгерістерді ескере отырып қалыптастырылады.
Отандық IT-шешімдерді қолдау және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі, өңірлік әріптестермен іскерлік қатынастарды ілгерілету және цифрландыру жобаларын танымал ету – форумның негізгі тақырыптары. Форумды өткізу барысында цифрлық жобалардың онлайн көрмесі көрсетіледі.
ЕАЭО Премьер-Министрлері мен жетекші халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессия форумның аса маңызды оқиғасына айналады.
2021 жылы форум гибридті форматта өтеді. Осылайша форум шеңберіндегі іс-шаралардың басым бөлігі онлайн өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty осымен төртінші жыл қатарынан өтуде және жаһандық пен өңірлік цифрлық күн тәртібін, сын-тегеуріндерді, цифрландыру саласындағы шешімдер мен саясатты қалыптастыру және талқылау үшін бүкіл әлемде негізгі алаңдардың бірі болып табылады.
Бас серіктес – «Қазақтелеком» АҚ
Демеушiлер BI group, ERG, Lenovo, Cisco
Барлық БАҚ өкілдерінің СOVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасының болуы міндетті болып табылады, анықтаманың берілген күні 2021 жылғы 3 ақпаннан ерте болмауы тиіс. Анықтаманың түпнұсқасы (басып шығарылған нұсқасы) іс-шараларды өткізу орнына келген кезде ұсынылуы қажет.
Форумға қатысу үшін тіркелуге сілтеме: https://forum.mdai.gov.kz/
БАҚ аккредиттелуі үшін email: press@zerde.gov.kz
Қызметкерлер жөнінде ақпаратты 2021 жылғы 01 ақпан сағ. 15-00 дейін жіберуіңізді сұраймыз.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172)95 46 39
+7 702 278 7078
+7707 370 88 47
Пікірлер