2018 жылғы 3 шілдеде Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі қазақстандық және шетелдік мамандар үшін ІТ саласындаағы өзінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Іс-шара Астана қаласында алдағы уақытта технопарктің жаңа инфрақарылымы орналастырылатын EXPO павильоны базасында өтті.

Astana Hub презентациясының құралдары әлеуетінің технопарктің негізгі бағыттарын көрсету, ІТ-қоғамдастығы өкілдерімен ынтымақтастыққа арналған мүмкіндіктерді атап өту, сондай-ақ технопрак алаңында Қазақстанның негізгі цифрлық жобаларын көрсету мақсатында өткізілді. Astana Hub мүмкіндіктерін презентациялау бағдарламасында бірнеше іс-шаралар қарастырылған.

Іс-шарадағы алғашқы құттықтау сөзді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев сөйледі. Вице-премьер аз жас таланттардың тобын дамытудың   маңыздылығын атап өтті және инновациялық экожүйелерді дамыту үшін мемлекет пысықтап жатқан шараларды түсіндірді:

«Инновациялық экожүйелерді жасау бойынша Президенттің идеясы мен арманының жүзеге аса бастауы жағымды сезім. Бізге кейбір заңнамалық өзгерістерден өту, Қазақстаннан, сол сияқты шетелден ІТ- мамандардың аз тобын қалыптастыру керек екені белгілі. Бұның жанданып келе жатқанын сезген болатынмын.Көздері нұрланып, құлшынып тұрған жастар көп. Шындығында, осында болғаныма қуаныштымын».- деп айтып өтті вице-министр

Келесі құттықтау сөзді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев айтты. Ол Астана Хаб елдің цифрлық және инновациялық жаңғыруы бойынша маңызды жоба екенін атап өтті:

«Астана Хаб әлемнің түпкір-түпкірінен алдыңғы қатарлы технологияларды және талантты мамандарды тартуға арналған жақсы орталық болуда және болады. Жобаны іске қосу арқылы біз Мемлекет Басшысының Қазақстанды цифрлық инновациялық шешімдер орталығы ету сияты басты идеяларының бірін жүзеге асыра аламыз».

Технопарктің мүмкіндіктерін презентациялау аясында Astana Hub стартаптардың дамуы бойынша өздерінің бағдарламалар қызметін, атап айтқанда, мәні - жас ІТ-жобаларды кешендік дамыту болып табылатын технопарктің акселераттау бағдарламаларының мүмкіндіктері мен «100 стартап» жаңа жобасын іске қосу екенін атап өтті.

Бұдан басқа, іс-шара аясында табысты стартаптардың негізін қалаушылар және жетекші халықаралық сарапшылар сөз сөйледі: Марк Пэнзель - Кремний алқабының сериялық кәсіпкері және Startup Genome-нің негізін қалаушы, Кейси Фентон - тең құрылтайшы және ірі қонақ желісі Couchsurfing International АТ-директоры, Стефан Кюстер - UK Tech City халықаралық консалтингінің басшысы және Игорь Овчаренко -дамушы елдердегі стартап-жүйелерін дамыту бойынша кеңесші. Спикерлер стартаптарды қалыптастыру және инновациялық экожүйені дамытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.       

Astana Hub мүмкіндіктерін презентациялаудан басқа, 3 шілдеде технопарк базасында «Еуразия Цифрлық платформалар» жыл сайынғы халықаралық инновациялық жобалар конкурсының жартылай финалының жеңімпаздарын марапаттауы өтті. Жарыстың мақсаты – ЕАЭО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің дамуына елеулі үлес қоса алатын компаниялар мен жобаларды анықтау. Келесі жобалар қазақстандық жартылай финалының жеңімпаздары болды:

-       Apilog.kz (жүк тасымалдауды, логистиканы, трансшекаралық сауданы цифрландыру),

-       «Мемлекеттік сатып алудағы тәуекелдерді айқындау» ( мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, рәсімдеу және төлем жүргізу кезінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жүйесі),

-       SmartSatu (өндірушілерге, дистрибьютерлерге және сауда нүктелеріне арналған b2b-платформа),

-       «Маша және Аю: бірге дайындаймыз» (балаларды аспаздыққа үйрететін ойын).

Астана Хаб мүмкіндіктерін презентациялау аясында технопарк сахнасында оқушылар арасында роботтехника бойынша республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттады. Астана Хаб мүмкіндіктерін презентациялау бағдарламасының қорытынды іс-шарасы CouchsurfingInternational ірі әлемдік ІТ- жобасының тең құрылтайшысы Кейси Фентонның шеберлік класы және сұрақтар мен жауаптар сессиясы болды.

Анықтама үшін:

Astana Hub – халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі және Қазақстандағы инновациялық технологияларды дамытудың өзегі.

Технопарктің негізгі миссиясы - Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту, елдің экономикасын нығайту үшін жоғары технологиялық жобаларды қолдау және стартап командалар, ІТ-компаниялар, инвесторлар және өзге мүдделі тұлғалар үшін бірыңғай халықаралық цифрлық және материалдық платформаны дамыту орталығы болу.

Технопарк «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамыту аясында өзінің қызметін Ақпарат және қоммуникациялар министрлігі және «Зерде» ҰИХ» АҚ-мен тығыз ынтымақтастықпен жүргізуде.