5 шілде күні Astana Hub технопаркінде Seedstars World шеңберінде «SSWAstana18» конкурсы өтті. Бұл – тез дамып келе жатқан инновациялық экожүйелерге ие елдердегі стартаптардың халықаралық сайысы. Осылайша, бүгінгі күні еліміздің ең үздік стартаптары өз жобаларын ұсынып және келесі жылы Швейцарияда өтетін Seedstars Summit  жаһандық технологиялар саммитіне қатысуға мүмкіндік үшін күресті.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Павел Коктышевтың айтуынша, негізгі міндеттердің бірі - Astana Hub-тың табысты және танымал болуы. Атап айтқанда, Seedstars әлемдік IT-нарықта маңызды роль атқарады, сондықтан бұл конкурсқа қатысу өте маңызды.

«Қазақстандық стартаптар шетелдік нарықтарға дереу шығып отырғаны бізге маңызды. Кең аудиторияның арқасында бүкіл әлем біздің жобаларымыз туралы біледі. Мүмкін, болашақта Seedstars бізде масштабталуды шешетін шығар», - деп қорытындылады Павел Коктышев.
Ол сондай-ақ, Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі корпоративтік қорының бас директоры Мағжан Мадиев сияқты конкурсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Біздің технопаркке қош келдіңіздер. Біз мұндай бастамаларды қолдауға әрдайым қуаныштымыз және осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз», - деді Мағжан Мадиев.

Сондай-ақ конкурсқа 10 команда қатысты: «Smart Zapravka», «Egistic» «WebTotem», «Podpishi Online», «Zumcare» «KazMotors», «LinguaHub», «Air – advance in robotics», «SPEAKUS» және «Assistant.kz». Жеңіске осы жылы Сингапурдағы бизнестің ең жақсы өнімі деп танылған «WebTotem» жұлдызды стартаперлер ие болды. Енді олар Киевтегі өңірлік кезеңде Қазақстанды таныстырады, онда олардың Швейцарияға 1 000 000 АҚШ долларына дейін инвестиция ұтып алу мүмкіндігі үшін бәсекелесуге баратыны анық белгілі болады.