Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы № №295/НҚ бұйрығына сәйкес 2020 жыл үшін жалғыз акционерге қарапайым акциялар бойынша 4 680 265 762,10 (төрт миллиард алты жүз сексен миллион екі жүз алпыс бес мың жеті жүз алпыс екі) теңге 10 тиын көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.

Бір қарапайым акцияға есептегенде 2020 жылғы дивиденд көлемі 62 (алпыс екі) теңге, 80 тиын құрады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы № №295/НҚ бұйрығына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он күндік мерзім ішінде 2020 жылғы дивидендтердің республикалық бюджет кірісіне аударылуын қамтамасыз ету қажет.

Дивидендтерді төлеу 2021 жылғы 3 қыркүйекте №592 төлем тапсырмасы бойынша аудару арқылы төлем жүргізумен ақшалай түрде, бір рет, толық көлемде жүргізілді.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат, банктік және өзге реквизиттер: БСН 080 940 016 280, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ396017111000000738, «Қазақстан халық банкі» АҚ, КБЕ 16.

Ақпарат 2021 жылғы 3 қыркүйекте «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның www.zerde.gov.kz сайтында жарияланды.