Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 6 тамыздағы № №291/НҚ бұйрығына сәйкес 2019 жыл үшін жалғыз акционерге қарапайым акциялар бойынша 3 110 085 487 (үш миллиард бір жүз он миллион сексен бес мың төрт жүз сексен жеті) теңге 34 тиын көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.

Бір қарапайым акцияға есептегенде 2019 жылғы дивиденд көлемі 41 (қырық бір) теңге, 73 тиын құрады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 6 тамыздағы № №291/НҚ бұйрығына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он күндік мерзім ішінде 2019 жылғы дивидендтердің республикалық бюджет кірісіне аударылуын қамтамасыз ету қажет.

Дивидендтерді төлеу 2020 жылғы 12 тамызда №383 төлем тапсырмасы бойынша аудару арқылы төлем жүргізумен ақшалай түрде, бір рет, толық көлемде жүргізілді.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Алматы көшесі, 1-үй, банктік және өзге реквизиттер: БСН 080 940 016 280, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ396017111000000738, «Қазақстан халық банкі» АҚ, КБЕ 16.

Ақпарат 2020 жылғы 13 тамызда «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның www.zerde.gov.kz сайтында жарияланды.