Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № №209/нқ бұйрығына сәйкес 2018 жыл үшін жалғыз акционерге қарапайым акциялар бойынша 939 985 891 (тоғыз жүз отыз тоғыз миллион тоғыз жүз сексен бес мың сегіз жүз тоқсан бір) теңге 85 тиын көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.

Бір қарапайым акцияға есептегенде 2018 жылғы дивиденд көлемі 12 (он екі) теңге, 61 тиын құрады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № №209/нқ бұйрығына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он күндік мерзім ішінде 2018 жылғы дивидендтердің республикалық бюджет кірісіне аударылуын қамтамасыз ету қажет.

Дивидендтерді төлеу 2019 жылғы 29 тамызда №695 төлем тапсырмасы бойынша аудару арқылы төлем жүргізумен ақшалай түрде, бір рет, толық көлемде жүргізілді.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Алматы көшесі, 1-үй, банктік және өзге реквизиттер: БСН 080 940 016 280, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ396017111000000738, «Қазақстан халық банкі» АҚ, КБЕ 16.

Ақпарат 2019 жылғы 29 тамызда «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның www.zerde.gov.kz сайтында жарияланды.