Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 жылғы 3 шілдедегі №306 бұйрығына сәйкес 2017 жыл

үшін жалғыз акционерге қарапайым акциялар бойынша 699 603 400 (алты жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз үш мың төрт жүз) теңге көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.

Бір қарапайым акцияға есептегенде 2017 жылғы дивиденд көлемі 9,39 (тоғыз) теңге, 39 тиынды құрады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 жылғы 3 шілдедегі №306 бұйрығына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он күндік мерзім ішінде 2017 жылғы дивидендтердің республикалық бюджет кірісіне аударылуын қамтамасыз ету қажет.

Дивидендтерді төлеу 2018 жылғы 11 шілдеде №556 төлем тапсырмасы бойынша аудару арқылы төлем жүргізумен ақшалай түрде, бір рет, толық көлемде жүргізілді.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Алматы көшесі, 1-үй, банктік және өзге реквизиттер: БСН 080 940 016 280, БСК: KZKOKZKX, ЖСК: KZ309261501158176000, «Қазкоммерцбанк» АҚ, КБЕ 16.

Ақпарат 2018 жылғы 11 шілдеде «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның www.zerde.gov.kz сайтында жарияланды.