Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан атынан Ислам Даму банкінің (ИДБ) басқарушы Кеңсесі ретінде 2016-2017 оқу жылына ИДБ озық технологиялар бойынша стипендиялық бағдарламасы аясында стипендия алуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарлама білім берудің екі деңгейін ұсынады - докторантура және докторантурадан кейін зерттеулер жүргізу.
Стипендия 2016 жылдың қыркүйегінде оқыту басталған кезден табысты кандидаттарға беріледі.
Кандидаттармен толтырылған сауалнамаларды ҚР ИДМ-не 2016 жылдың 29 ақпанына дейін жолдау қажет.
Бағдарламаға қатысудың шарттары және толтырылуға тиісті анкеталарды алу туралы қосымша ақпаратты Сіз осында, сондай-ақ ИДБ Тобының   www.isdb.org сайтындажүктеп ала аласыз.
 
"Зерде" Холдингі" АҚ-ның баспасөз қызметі