20 наурызда «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы жобаларының мәселелері бойынша Цифрландыру күні болып өтті.

Талқылауға төмендегідей жобалар шығарылды:

· «Цифрлық Академия» – МҚІА;

· «Сенім берілген бағдарламалық қамсыздандырудың және Қазақстан Республикасы электрондық өнеркәсіп өнімдерінің ұлттық тізілімін қалыптастыру» – ҚР ҚАӨМ;

· «KazSat-2» космостық аппаратын жоспарлы алмастыру үшін «KazSat-2r» космостық байланыс жүйесін құру және пайдалануға ендіру» – ҚР ҚАӨМ;·

· «Е –заңнама» АЖ құру және ендіру» – ҚР ӘМ;

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР ҚАӨМ, ҚР ӘМ, қазақстандық АТ-компанияларының өкілдері және «Зерде» Холдингі АҚ мамандары қатысты.

Бірінші болып Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету департаменті директорының орынбасары Расул Медетов сөз алып «Цифрлық Академия» жобасын ұсынды. Аталған жобаның «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына кіргенін атап өтеміз. Сонымен қоса МҚІА басқа да цифрлық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Агенттік – азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы мен оны бағалаумен айналысатын «МҚІА Ахуалдық орталығы», ҚР облыстарына бөлінген қаржылық қаражаттардың пайдалануын қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін «Ұлттық Бюроға арналған Ақпараттық жүйе» сияқты жобаларды әзірлеу және жасауды жоспарлауда.

       Сонымен қатар «мемлекеттік қызметшілерге арналған ID-card» жобасы таныстырылды. Бұл картаның бірегейлігі барлық құжаттардың, жұмыс төлқұжаттарының, рұқсатнамаларының және өзгелердің бір картаның ішінде болуында және сол арқылы қызметкердің барлық мәліметтерін және оның жұмыс орнын қарауға болады. Бұл жобаны әзірлеу барысында әлемдік тәжірибе зерттелді, және ол одан әрі жетілдіре бермек. Оны қолдану келесі жылға жоспарлануда.

Одан әрі Мадияр Нұрахметов қызықты «Мансап» жобасын таныстырды. «Мансап» – мансапты жоспарлаудың және мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық жүйесі. Яғни, ол үміткерлерді бағалау жүйесі орнатылған бос орындардың бірыңғай порталы.

      Сенім берілген бағдарламалық қамсыздандырудың және Қазақстан Республикасы электрондық өнеркәсіп өнімдерінің ұлттық тізілімін қалыптастыру туралы ҚР МАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Думан Күнтубаев айтып берді. Тізілімді іске қосу шамамен 2018 жылдың тамызында жоспарлануда. Қазіргі таңда тізілімді жүргізу қызметін олардың ұйымына табыстау жөнінде ҰКП келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қоса ҚР МАӨМ Аэрокосмостық комитеті космостық байланыс жүйесі басқармасының жетекшісі Ардақ Күнәділов «KazSat-2» космостық аппаратын жоспарлы алмастыру үшін «KazSat-2r» космостық байланыс жүйесін пайдалану жөніндегі жоспарларымен хабардар етті.

АКТ-нарығының өкілдері осы жобаға қатысу ниеттерін білдірді және А.Күнәділов ҚР МАӨМ ынтымақтастыққа және АТ-компаниялары өкілдерінің ұсыныстарын қарауға әзір екендігін атап кетті.

«ҚР Үкіметінің жоспарына сәйкес, аталған жоба шеткері елді мекендерді ШПД және байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса қазіргі таңда аталған мекендерді «соңғы мильмен» қамтамасыз ету тетіктері әзірленуде. Осыған байланысты жеке компанияларға МЖС үлгісі бойынша аталған жобаға инвестор ретінде өздерінің қатысу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз», - деді Ардақ Күнәділов.

ҚР МАӨМ жобалары таныстырылғаннан кейін, ҚР ӘМ жаңа «Е–заңнама» АЖ ұсынылды. Жобаның бірегейлігі барлық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қалыптастырылып және талдау жүргізілгеннен соң ғана қарастырылатындығында. Қандай-да бір заңды қабылдаудың өзектілігі немесе қажеттілігі туралы талдау жүргізу үшін әлеуметтік желілерде сауалнамалар мен мониторингтер өткізілетін болады. Осыдан кейін барлық ескертпелер, ұсыныстар мен ойлар есепке алынады. Сонымен қоса жобаны жүзеге асырудың үшінші кезеңінде фукционал қарастырылатын болады, ол арқылы заңдар азаматтардың талқылауына шығарылады. Бірақ жүйенің өзіне кіруге қатардағы азаматтардың қолы жетпейді. «Е–заңнама» АЖ жобасы «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына кіргізілген. Жобаны жүзеге асыру ақпараттандырудың сервистік үлгісі арқылы жүргізілетін болады, жоба үлкен, бірнеше кезеңдерге бөлінген. Қазіргі таңда ол әзірлену және жобалауға берілетін тапсырмаларды бекіту сатысында тұр.

Таныстырылымға шығарылған жобалардан кейін, қатысушылар өзекті тақырыптарды белсенділікпен талқылады, қызықтыратын сұрақтарын қойды, барынша нақтырақ келіссөздер жүргізуге келісті. Осы іс-шара жөніндегі есептер мен қосымша ақпараттардың https://digitalization.astanahub.kz/projects/6 сайтында берілгенін еске саламыз.

Мемлекеттік органдармен Цифрландыру күндері бірнеше айлар бұрын жоспарланған. Оларды өткізудің негізгі мақсаттары мемлекеттік органдардың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының жоспарланған жобаларын нарықпен таныстыру және оларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық болып табылады.