Нұр-Сұлтанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрландыру күні өтті.

Жиын барысында келесі жобалар таныстырылды:

«Су басу аймақтарын болжау»;

«Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі»:

«Е-ПИК».

Іс-шара сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу бойынша диалогты ұйымдастыру мақсатында әкімдік пен ТЖД цифрландыру бойынша жауапты тұлғалардың, сондай-ақ «Зерде» холдингі» АҚ мен Astana Hub өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

СҚО әкімдігі барлық техникалық талаптарға жауап беретін IT-компаниялар мен стартаптардан ұсыныстар мен дайын шешімдерді жинау мақсатында онлайн-кездесу өткізеді.

Екінші жобаның мақсаты су басуға бейім учаскелер тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру және Есіл өзенінің қаланың екі ауданына төгілуі кезеңінде қауіп деңгейін анықтау. Мамандардың айтуынша, су басуды болжау модулі су деңгейін басқару мүмкіндігіне ие болуы керек.

Жобаны 2021 жылдың соңына дейін енгізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, технологиялар саласындағы сапалы жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін онлайн-форматта диалог алаңы ұйымдастырылуда. Цифрландыру күндері Astana Hub IT-стартап халықаралық Технопаркі және «Зерде» холдингі» АҚ-мен бірлесіп ІТ-нарықты мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастықты құруға бағытталған.