Білетін шығарсыздар, мен 2020 жылдың тамыз айынан бастап «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ны (бұдан әрі – Холдинг) басқарып келемін. Соңғы күндері Холдинг қызметіне қатысты көптеген сұрақ туындады. Холдинг туралы біреулер естімеген де шығар, тіпті соңғы 15 жыл ішінде ешбір жерде аты шықпаған Холдинг қызметіне бүгінгі күні БАҚ пен әлеуметтік желі, халық назар аударуда. Осының бәрін ескере отырып, мен бүгін туындаған сұрақтарға жауап беруге бет бұрып отырмын.

1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Холдингте жүргізген аудит қорытындыларына қатысты мен өзім 2013 – 2020 жылдары аралығында цифрландыруға бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану бойынша нәтижелермен толық келісемін. Нақты айтсақ, аудит «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асырылуы бойынша жүргізілді. Цифрландыруға бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалды, тиісінше, Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары орындалмады. Осы қалыптасқан жағдайды түзету менің Холдингтегі қызметімнің міндеті болды.

2. Ал, енді Мемлекет Басшысының Холдингті қайта құру жөніндегі тапсырмасына қатысты бұл бағытта жұмыс 2020 жылғы қыркүйек айында басталғанын атап өту қажет.

Бастапқыда сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмыс негізгі мақсат пен міндет болды. Ол үшін Комплаенс қызметі құрылды, оның құрамында біздің бастамамыз бойынша Холдингке іссапармен уақытша келген сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы органдардың мамандары кірді, олардың барлық құжатпен жұмыс істеуге рұқсаты болды.

Бұл бағыттағы жұмыс өнім берушілермен ашық диалог және сатып алу рәсімдерінің ашық болуы түрінде жүргізілді. Атап айтқанда, әлеуетті өнім берушілермен Компаленс қызметінің тікелей қатысуымен жұмыс жүргізілді. Оларға «Тапсырыс берушіге пара («откат») берусіз жұмыс істейсіздер, ал біздің талабымыз – сіздер бізге барынша жеңілдіктер жасайсыздар, ал біз, өз тарапымыздан, сіздерге сатып алу рәсімдерінің ашық өтуіне кепіл береміз» деп нақты айтылды. Осы бірлескен жұмыстың нәтижесі айтарлықтай оң көрсеткішін берді. Холдинг бірнеше миллиард теңгені (!!!) үнемдеді, мысалы, бір жарым жыл ішінде Холдинг бюджетінің үнемделуі 5 есе (!) артты. Бұл ретте, Data-орталықтар арасындағы байланыс арналарының жылдамдығы 20 есе (!) өсті, ал ағымдағы жылдың соңына дейін 200 есе (!) өсетінін атап өткен жөн. Бұл Жаңғырту жоспарымыздың бір бөлігі - үнемдеу негізінде 400 Гб/с желіде 90 Мб/с.

Біздің ойымызша, тиімділік дегеніміз осы – аз шығынмен жұмыс өнімділігін ұлғайту. Алдағы постта мен ол туралы жазып едім, табыс 500%-ға өсуде. Осы көрсеткішті негізге алсақ, орын алған сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы туралы айтуға болады.

3. Холдингтің Ішкі аудит қызметі 2018-2020 жылдары Холдинг компанияларының тобынан жыл сайын шамамен 5 миллиард теңге шығарылғанын құжат түрінде негіздеді. Жиынтығында аудит сыйбайлас жемқорлықтың сипаты бар деген шығарылған ақша қаражатын, атап айтқанда 16,5 миллиард теңгені (!) көрсеткен.

Алайда, 2021 жылдың қараша айынан бастап тергеу органдарына істерді берудің айқын қажеттілігіне қарамастан, оған менің мүмкіндігім болмай отыр. Холдингтің Директорлар кеңесінің қарауына осы мәселе шығарылған әр сәтте, түрлі себептермен оны қараудан бас тартылады. Соңғы себеп – «материалдарды қарауға үлгермедік, уақыт керек». Әрине, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша мұндай тәсілдер орын алса, мүндай жұмыс амалдары, тіпті, мемлекеттік секторда да таралуы мүмкін.

4. Холдингте сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде пайда болған үнемдеу туралы. Сұрақ: Мемлекеттік компанияға (Холдингке) бұндай үнемдеу не үшін қажет?

Мемлекеттік бюджеттің, оның ішінде қолдау мен дамытуды қажет ететін АКТ инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру тапшылығы бар екені құпия емес. Дәл осындай ауқымды міндеттерді отандық IT-нарығының ресурстарын тарта отырып, мемлекеттік деңгейде шешу үшін Холдинг алынған үнемдеуді пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл жергілікті АТ-нарығының ресурстарының арқасында мемлекеттік міндеттерді шешуді бірнеше мәртеге жеделдетуі тиіс.

5. Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша біздің пайымымыз төмендегідей.

Бүгінгі таңда Холдинг қызметінің мақсаты – «электрондық үкіметтің» (egov) сенімділігін арттыру үшін оны жаңғырту, «ҰАТ» АҚ бұлтты платформасын кеңейту, сондай-ақ бейтарап цифрландыру үшін мемлекеттік органдардың процестерін трансформациялау. Біз осылардың барлығын аталған жұмыс түрлеріне IT-нарықты барынша тарта отырып жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Нарықтық бәсекелестік есебінен біз «баға/сапа/мерзім» сияқты көрсеткіштердің нәтижесін күтеміз, ол бізге Президент айтқан тиімділікті береді.

Холдингті реформалауды жеделдету үшін мен мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен IT-нарығының қатысушыларының IT-ұсыныстарын қабылдаймын. Осыған байланысты Холдинг тұтастай ел үшін, атап айтқанда сала үшін жоғары тиімділік беретін ұсыныстар мен идеяларды қарауға, қолдауға және іске асыруға дайын.

 

 

P.S. Егер мұндай тиімділік мемлекеттік аппаратқа қажет болмаса, мен өтініш жазып, бизнес пен ашық нарыққа оралуға дайынмын, себебі – тиімділік бизнесте дұрыс бағаланады.

Кестені pptx форматында жүктеп алыңыз

Показатели

Показатели

Показатели