Цифрлық экономика және жаңа технологиялар мәселелері күн сайын анағұрлым өзекті болуда және  оны әр саладағы мамандар, сол сияқты қарапайым азаматтар талқылауда. Бірақ бұл таңғалатын нәрсе емес, себебі жаңа өнеркәсіптік-цифрлық төңкеріс адам өміріндегі барлық салаларға қатысты.

2017 жылғы желтоқсанда Қазақстан Үкіметі цифрландыру бағдарламасын бекітті. Ол 2018-2022 жылдарға арналып есептелген және республикамыздағы экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуге және  цифрлық технологияларды қолдану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Қызығушылық білдірген барлық тұлғаларға  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізілген жобалар туралы барынша қолжетімді және жан-жақты, толық түрде айту үшін digitalkz.kz ресми сайты іске қосылды.

Сайтқа кірушілер Бағдарлама туралы, оның бағыттары және жүзеге асырудың жол карталары бойынша толық ақпаратты таба алады, сондай-ақ  еліміздегі цифрландыру бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар туралы біле алады.
digitalkz.kz сайтында  Бағдарламаның әрбір бағыттарына арнайы тараулар бар. «Жаңалықтар» тарауында Сіз жоспарлар туралы және қол жеткізілген нәтижелер туралы біле аласыздар және  қазақстандық жобалардың  шынайы табысты тарихы жөніндегі қызықты мақалалармен таныса аласыздар. Мәселен, «Барлық өнімдердің жолы QR-кодта: егістік және фермалардан дүкен сөрелеріне дейін»» (https://goo.gl/VrenL9) материалында Қазақстанда алдағы жылы енгізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесі туралы айтылады.

Сонымен бірге, digitalkz.kz сайтының редакциясы әлемде өтіп жатқан цифрландыру  процестері туралы,басқа елдердің жаңа технологияларды енгізудегі тәжірибелері жөніндегі жетекші шетелдік БАҚ-тың танымдық мақалаларының аудармасын жариялайды
Осылайша, «Қалыптасыңыздар, дрондар бұл жерде ұзақ болады» (https://goo.gl/jDgDDa)материалынан  Сіз әлем бойынша пилотсыз ұшу аппараттарын қолданудағы соңғы үрдістер туралы біле аласыздар, ал «Болашақ қаласы: Дубай мен Қытайда қалаға арналған роботтарды көрсетті» (https://goo.gl/YLKHuC) атты мақалада   қалада робототехникаларды қандай мақсаттарда қолдануға болатыны көре аласыздар.

«Байланыстар» тарауында «Зерде» Холдингіндегі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жобаларының үйлестірушілері туралы ақпарат бар.

Сіз оларға жетекшілік ететін жобалар бойынша қосымша ақпарат алу үшін өтініш білдіре алсыз.  
Біз жаңа сайттың жұмысы бойынша, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша барлық  сұрақтар мен ұсыныстарды press@zerde.gov.kz. e-mail-да күтеміз.



Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына тіркелу арқылы  біздегі жаңалықтармен таныса аласыздар:
1.    https://www.facebook.com/digitalkz.kz/ (Фейсбук)
2.    @digitalkz.kz (Инстаграм)
3.    https://www.youtube.com/channel/UCehcOeWn8qKP8xnFN8s6mXQ (www.youtube.com-дағы арна)
4.    https://t.me/digitalkzkz (Телеграмдағы арна)