Бүгін, 15 наурызда, Орталық коммуникациялар қызметінде «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ атқарған қызметінің 2017 жылғы қорытындыларына және 2018 жылға жоспарланған жұмысқа қатысты брифинг өткізілді.

Іс-шараға «Зерде» Холдингінің Басқарма Төрағасы Руслан Еңсебаев және Басқарма Төрағасының орынбасарлары Жанат Жахметова, Павел Коктышев және Алексей Анисимов қатысты.

Руслан Еңсебаев өз баяндамасында Холдинг қызметінің негізгі бағыттары бойынша 2017 жылы қолжеткізілген нәтижелері мен Қазақстанда тұтас IT-саласының дамуы туралы айтты.

«Зерде» Холдингінің қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – инфокоммуникациялық технологиялар саласына қолдау көрсету және дамыту. Отандық компанияларға қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік органдардың, «Зерде» Холдингі өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП-ның және IT-компаниялардың қатысуымен тұрақты түрде кеңестер өткізіледі.

Сонымен қатар, 2017 жылы Холдинг АКТ саласында 150 стандарт әзірлеп, бекітті. 338 ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттың жобаларына сараптама жасады.

«Зерде» Холдингінің қызметіндегі басым бағыт 2017 жылы қабылданған «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының жобаларын басқару болып табылады.

Қазіргі кезеңде бағдарламаны сәтті іске асыру үшін дайындық іс-шаралары өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. 16 орталық мемлекеттік органда, Бас Прокуратурада және 16 жергілікті атқарушы органда Цифрландыру кеңселері құрылды. Аталған кеңселердің қызметкерлеріне қажетті оқыту іс-шаралары өткізіледі.
Руслан Еңсебаев атап өткендей, 2018 жылы ЭКСПО павильонының негізінде «Astana Hub» халықаралық технопаркін іске қосу жоспарлануда. «Astana Hub» аясында 2018 жылы 33 жоба жеделдету бағдарламасынан өтеді.

Бағдарламадағы «Адам капиталының дамуы» бағыты бойынша ЖАО, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» Коммерциялық емес АҚ, «ҰАТ»АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Атамекен» ҰКП және байланыс операторларымен бірлесіп, тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа оқытуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Одан да басқа, орта білім беру, кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады. «Экономика саласын цифрландыру» бағыты бойынша нақты жобаларды іске асыру жұмысы басталды.
Бүгінгі күні ірі тау-кен қазу және металлургиялық  кәсіпорындар жоспарларын  қалыптастырып, өз өндірістерінде 4.0 индустрия технологиясын енгізуге кірісіп кетті.

«Цифрлық кен», «Ақылды карьер» және «Ақылды кен байыту фабрикасы» сияқты жобалардың басталуы осы технологиялардың мысалы болып табылады», – деп хабарлады «Зерде»Холдингінің төрағасы.  

Көлік  және логистика саласында зияткерлік көліктік жүйенің элементтерін енгізу жалғасын табады. 2018 жылы, бар болғаны, 11 өлшеу жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ биылғы жылы үш бағытта – Алматы-Қапшағай, Алматы-Теміртау, Алматы-Қорғас бағыттары бойынша мобильдік төлем және СМС төлемдерін қолдану арқылы ақы төлеу жүйесі енгізіледі.

Агроөнеркәсіптік кешенінде бірқатар фермерлік шаруашылықтарға «нақты егіншілік» технологиясы ендіреледі. Сонымен бірге, 2018 жылы 6  (сүт, ет бағыттары және егіншілік бойынша) «цифрлық ферма» жұмыс істей бастайды.
Бұдан басқа, ІІ тоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға, «blockchain» технологиясын қолдана отырып,  «Электрондық дақылдық жазбалар» жүйесін  енгізу жоспарланып отыр.

«Зерде» Холдингімен мемлекеттік бағдарлама жобаларын басқарудың анағұрлым тиімді әдістемелерін анықтау бойынша үлкен жұмыстар жасалды. Біз тұрақты түрде осы әдістемелер бойынша мемлекеттік орган қызметкерлеріне оқытулар өткіземіз, сондай-ақ жобалардың іске асу процестерін үйлестіреміз және бақылаймыз. Мемлекеттік органдармен, білім беру мекемелерімен, отандық IT компаниялармен, бизнес өкілдерімен, жалпы алғанда, тұрғындармен  бірлескен жұмысымыз, цифрлық трансформация үдерісінде елімізге сапалы нәтиже береді деп ойлаймын», – деп қорытындылады Руслан Еңсебаев.


«Зерде» Холдингі» АҚ қызметі туралы қосымша сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызға болады: +7 7172 95 46 69, +7 7172 57 60 79.
Электрондық мекен-жай: press@zerde.gov.kz