«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Қырғыз Республикасының «ТазаКоом» Ұлттық цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша қазақстандық делегацияның Бішкек қаласына сапары

2018 жылғы 12-22 маусымы кезеңінде Қырғыз Республикасы Бішкек қаласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Қырғыз Республикасының «ТазаКоом» Ұлттық цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясында ынтымақтастық мәселесі бойынша қазақстандық және қырғыз тараптарының кездесуі өтіп жатыр.

Кездесу  Қырғыз Республикасының Бірінші Вице-Премьер-министрі К.А.Боранов пен Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевтың қатысуымен өтуде.

Қазақстандық делегацияның құрамында Қазақстанның 29 АТ-компниясының, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның өкілдері  қатысуда.
Аталған екікүндік кездесу кезінде келесі мәселелер талқылануда:
•    «ТазаКоом» цифрлық трансформациялау бағдарламасын жәнеаталған бағдарлама аясындаіске асырылатын жобаларды;
•    «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  және AstanaHub халықаралық технопаркі;
•    Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі»;
•    «Үлкен деректер» моделдерін, бұлттық технологияларды, АКТ секторындағы мемлекетті жекеменшік серіктестік механизмдерін,электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесін енгізуді іске асыру бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ байланыс саласында Келісімдер талқылануда.  

    Бұдан басқа, өткізілетін панельдік кездесулер мен сессияларда АТ-компаниялар екі күн ішінде өздерінің дайын АТ-шешімдерін (80-нен астам жоба) Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына көрсетеді.
    Панельдік кездесулер экономиканың келесі бағыттары мен салалары бойынша тақырыптық сессияларға бөлінген:
•    ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар;
•    денсаулық сақтау және білім беру;
•    Smart City, көлік және қауіпсіздік;
•    экономика және қаржы.

Нәтижесінде, «Цифрлық Қазақстан» және «Таза Коом» мемлекеттік цифрландыру бағдарламаларының аясында да, ведомстволар мен ұйымдардың жеке екі жақты қатынастарында да одан әрі жобалар енгізу және дамыту үшін екі елдің мемлекеттік органдары, ұйымдары мен АТ-компаниялары өкілдерінің арасындағы байланыстарды жақсарту және өзара қатынастарды нығайту жоспарланып отыр.
  

Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефон номерлері арқылы хабарласуға болады:
+7 7172 57 60 79, +7 701 579 97 16 (Каракөз Тасболатова).
Электрондық адрес: ktasbolarova@zerde.gov.kz