Бүгін, 2018 жылғы 18 мамырда Астана қаласында Астана экономикалық форумының (АЭФ) аясында цифрландыру мәселелері бойынша Халықаралық сараптамалық кеңестің  (ХСК) екінші отырысы өтті. Онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы және  оның нысаналы индикаторларына қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, ХСК-ның тұрақты мүшелері, ҚР Үкіметі мүшелері, халақаралық сарапшылар, мемлекеттік органдар мен ведомствалық бағынысты ұйымдардың өкілдері, ұлттық холдингтердің, компаниялардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен басшылары қатысты.

Отырыс дөңгелек үстел форматында өтті. Іс-шараның ашылуында барлық қатысушылар ме шетелдік сарапшыларды ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев құттықтады. Әрі қарай ҚР Үкіметінің мүшелері мен халықаралық сарапшылар баяндама жасады. Отырыста Ұлыбританя Үкіметінің технологиялар бойынша кеңесшісі Лиам Максвелл цифрлық үкімет саласындағы бастамалар үшін қаржыландыру және шығындарды бөлудің жаңа моделі туралы айтты.

Ресей және ТМД-дағы  IDC-тің вице-президенті Роберт Фэриш өз баяндамасында блокчейнді реттеу және пайдалну туралы мәселені қозғады. INSEAD-ғы атқарушы директор Бруно Ланвин «Таланттар инновацияға» тақырыбында баяндама жасады, e-Governance электрондық басқару академиясының директоры және қоса негізін қалаушы Қазақстандағы электрондық қызметтерді дамыту жөнінде айтты. 12 халықаралық сарапшы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру барысы, сондай-ақ өз қызметтері саласы аясында әлемдік тәжірибе тақырыбында сөз қозғады.  
Сарапшылар  Қазақстандағы цифрлық трансформация бастамаларын іске асырылуына  баға және әлемдік үздік тәжірибелерді есепке ала отырып ұсынымдар берді.

ХСК 2018 жылғы 02 ақпанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларын сапалы жүзеге асыру  және қол жеткіу мақсатында құрылғанын еске саламыз.
ХСК мақсаты - халықаралық сараптамалық баға  және ұсынымдармен Қазақстан Республикасын цифрландыру процесін жүзеге асыруға қолдау көрсету .

ХСК құрамына осыған ұқсас мемлекеттік  бағдарламаларды жүзеге асыруда кең тәжірибені меңгерген цифрлық технология саласындағы танымал әлемдік сарапшылар кіреді. Сарапшылар Ұлыбританияның, Эстонияның үкіметтік құрылымдарын  және БЭҚ, Бүкіләлемдік Банк, Gartner, IDC және INSEAD сияқты ұйымдарды көрсетеді.

ХСК отырыстарын тоқсан сайынғы негізде жылына 4 рет өткізу жоспарлануда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы аясында 2 ақпанда Алматы қаласында ХСК бірінші отырысы өтті, онда  ұқсас кеңестер беру үшін үздік практика тақыптары, цифрлық трансформациялау бағдарламасын жұзеге асыруда басымдықтар мен мүмкін болатын кедергілер  талқыланды.

ХСК отырыстары туралы қосымша сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 7172 57 60 79, +7 701 579 97 16.
Электрондық адрес: ktasbolarova@zerde.gov.kz