2018 жылғы 3-4 шілдеде  Астана қаласы «Астана ЭКСПО» павильонында «Зерде» Холдингі ұйымдастырған Отандық ІТ-шешімдердің ақпараттық күні» көрмесі өтеді.

Көрме отандық әзірлеушілер және өндірушілердің мүмкіндіктерін демонстрациялау мақсатында өткізіледі.
«Зерде»Холдингі 2018 жылғы наурыз айынан бастап мамыр айы аралығында 17 мемлекеттік орган және 10 ұлттық компания тартылған 14 Цифрландыру күнін өткізгенін еске салып өтеміз. Осы іс-шаралардың аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 70-тен астам жобасы қаралды. Цифрландыру күніне  ІТ-компаниялардан 700-ден астам өкілдер және көптеген мемлекеттік органдардан қатысушылар болды.

Цифрландыру күнін өтізгеннен кейінгі кезең - бұл қазақстандық ІТ-шешімдерді  мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, бизнес өкілеріне және басқа мақсатты аудиториялар үшін демонстрациялау.

Аталған көрме отандық ІТ-компанияларды ілгерілету, сондай-ақ бәскекге қабілеттілікті арттыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында индустриалды-инновациялық ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында өтеді.

Көрмеге  отандық ІТ-компаниялар, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар және квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысады.
Іс-шара қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуетін анықтауға,мүмкіндіктері мен ұсыныстарын көрсетуге  мүмкіндік береді.

Барлық келуішілер үшін кіру тегін. https://digitalization.astanahub.kz/projects/112 сайтында тіркеуден өтуге болады.

Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:
+7 7172 57 60 79, +7 701 579 97 16 (Каракоз Тасболатова).
Электрондық адрес: ktasbolarova@zerde.gov.kz