«Зерде» ұлттық инфокоммуникация хол­дингі» АҚ төрағасының орынбасары Жа­нат Жахметова бағдарламаның бағыт­тары мен күтілетін нәтижені таныстырып өтті.

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Нұр филиалы» 2017 – 2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылауға арналған отырыс өтткізді.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация хол­дингі» АҚ төрағасының орынбасары Жа­нат Жахметова бағдарламаның бағыт­тары мен күтілетін нәтижені таныстырып өтті.

– Елбасы өзінің биылғы Жол­дауын­да бірінші басымдық ретінде экономиканың же­делдетілген технологиялық жаңғыруы ту­ралы айтты. Жолдауда әлемде төртінші өнер­кә­сіптік революция басталғанын, экономи­ка­ның барлық саласында цифрлау жұмыс­тары жүргізіліп жатқаны да аталды. Соған байланысты Мемлекет басшысы Үкі­метке «Цифрлық Қазақстан» бағдарла­ма­сын қабылдауға тапсырма берді. Цифрлау біз үшін таңсық дүние емес. 3D формат, жа­сан­ды интеллект, 4.0. индустриясы, ин­тер­нет және тағы басқаның бәрі цифр­лауға жа­тады. Цифрлау азаматтардың қолжетімді құралдар арқылы кез келген қызмет түрін пайдалана алуы үшін қажет. Білуімше, дү­ниежүзінде 15-тен аса мемлекет цифрлау бағ­дарламасын қабылдаған. «Цифрлық Қа­зақстан» бағдарламасы негізгі 4 бағыттан, 18 бастама мен 154 іс-шарадан тұрады, – де­ді ол.

Бірінші бағыт – «Цифрлық жібек жо­лын» құру. Бұл – сенімді, қолжетімді, жыл­дам­дығы жоғары және қорғалатын цифрлық инф­рақұрылым. Алғашқы бағыттағы мақ­сат­тардың бірі – әр қазақстандыққа интер­нет желісін жеткізу. Егер бір аумақтың тұр­­ғындары 250 адамнан асар болса, ол жер­ге оптика мен спутник арқылы интернет ж­елісі жеткізіледі.
Бағдарламаның екінші бағыты «Эко­но­мика саласындағы цифрлық қайта өзгерту» деп аталады.

Бұл экономиканың әртүрлі салаларының бәскеге қабілеттілігін арт­тыруға арналған цифрлық технология­ларды жаппай енгізу. Біз қандай да бір жаңалық алып келмей, барлығын басынан бастамақ емеспіз. Бар болғаны әлемде жақсы нәтиже беріп жатқан цифрлық технологияларды таңдап алып, экономика саласына пайда­ланамыз. Цифрлау салаларды өзгертіп қана қоймай, оларды жоқ қылып жіберуге неме­се жаңа саланың пайда болуына әсер ете ала­ды. Цифрлау – мақсат емес, ол мем­ле­кетке жақсы пайда әкелетін саладағы құрал ғана, – деді Жанат Жахметова.

«Креативті қоғам» құруға арналған үшін­ші бағыт бойынша халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүр­гі­зі­леді. Аталмыш бағыттың дамуы азамат­тар­дың біліміне, стартап жобаларды ұсына алуына, цифрлауға қаншалықта дайын еке­ніне, оны қалай қабылдайтынына бай­ла­нысты.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Бел­сенді цифрлық үкіметті» қалыптастыруға элек­трондық және мобильді үкімет жүйесін же­тілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер ұсыну саласын оңтайландыру жұмы­сы кіреді.

Бағдарламаның жүзеге асуы 2017-2021 жыл­дарға арналған. 2021 жылы түрлі сату, са­­тып алудың жалпы көлемінде элект­рон­ды сау­да 0,8 пайыздан 2,3 пайызға, ха­лық­тың мем­лекеттік қызмет түрлерін пай­далануда e-gov арқылы алған қызмет көр­сеткіші 35 пайыз­дан 80 пайызға арта­ды деп күтілуде. Ха­лықтың сандық сауат­ты­лық деңгейі 75,5 пайыздан 81,5 пайызға кө­теріліп, интернет пай­даланушылардың үлесі 77 пайыздан 81 пайыз­ға өседі деп жос­параланып отыр.

Cілтеме: https://aikyn.kz/2017/08/08/22934.html