«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ


Компания электрондық үкімет инфрақұрылымын құру және пайдалану, сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуі бойынша өкілетті мекеме болып табылады.

Компанияның негізгі қызметі электрондық үкіметтің негізгі компоненттері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларында ақпараттық жүйелерді құру бойынша АТ-жобаларын басқаруға; мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерін олардың тиісті түрде жұмыс істеуі үшін қолдау көрсетуге; жүйелік-техникалық қызмет көрсетуге; мемлекеттік органдар электрондық құжат айналымын автоматтандыруға;  АТ-шешімдерді жасау мен енгізу бойынша консалтингтік қызмет көрсетуге және АТ-жобаларының даму қалпы мен мекемелердің қолданыстағы ақпараттық инфрақұрылымын талдау мен зерттеуге; телекоммуникациялық қолдау көрсетуге бағытталған.

NITEC миссиясы – заманауи қызметтік, ұйымдастырушылық және ақпараттық технологияларды қолдану жолымен клиенттің талаптарына бағытталған сенімді, тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру.

NITEC – бұл АТ саласындағы жас, белсенді және тәжірибелі, Электрондық үкімет порталы, Электрондық лицензияландыру порталы, Электрондық оқыту жүйесі, Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі, Электрондық үкіметтің төлеу шлюзі, «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерек қорлары, Мемлекеттік орындардың Интранет-порталы, Мемлекеттік орындардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, ХҚКО-ға арналған ығпалдастырылған ақпараттық жүйе, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі сияқты жобаларды сәтті жүзеге асырған мамандар командасы.

Басқарма Төрағасы: Тұрысов Әсет Нұрланұлы

http://www.nitec.kz/


Официальный сайт:  www.nitec.kz
Новости компании:  www.nitec.kz/index.php/news?cid=2

Обратная связь