Басқарма төрағасы

Алексей Николаевич Анисимов

Алексей Николаевич Анисимов

Қазақстан Республикасының азаматы. 1980 жылы туған.

1999 жылы Астана қаласындағы Ақмола политехникалық колледжінің «ЭВМ және автоматтандырылған жүйелерге арналған бағдарламалау» факультетін және 2001 жылы Қарағанды Экономикалық университетінің «Бизнес және құқық» факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті «Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да бөлім басшысының орынбасары-бағдарламашысы болып бастады. 2004-2005 жылы – Астана қаласы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ, бас инжеер бағдарламашы, 2005-2008 жылы – жобаларды басқару бөлімінің басшысы, директордың орынбасары, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да Бірыңғай электрондық құжатайналым жүйесі департаментінің атқарушы директоры қызметін атқарды. Әрі қарай еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігі «Телекоммуникация саласында техникалық қолдау және талдау орталығы» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры лауазымымен жалғастырды.

2008-2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі секторының меңгерушісі болып істеді.

2011-2013 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын, 2013-2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды, 2015-2017 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2017 жылғы тамыздан бастап «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да Архитектура әзірлеу департаментінің бас архитекторы лауазымын атқарды.

2018 жылғы 16 қаңтардан бастап «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Ерен енбегі үшін» (үздік жұмысы үшін) медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен және «Үздік байланысшы» төсбелгісімен марапатталған.

Обратная связь