БОС ОРЫН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

БОС ОРЫН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Бос орындық лауазым атауы

Бас талдаушы

Құрылымдық бөлімше атауы

Еуразия цифрлық трансформация орталығы

Бос орынның пайда болу себебі: штат санының ұлғаюына байланысты

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Білімі

жоғары білім: техникалық (АКТ саласында) /заңгерлік/экономикалық

Жұмыс тәжірибесі (қай салада, өтілі, лауазымы)

жұмыс өтілі кемінде 2 жыл

Міндетті білімдер мен дағдылардың болуы

Орталықтың Бас талдаушысы келесілерді білуі керек:

1) ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтер нарығын;

2) ақпараттандыру және байланыс мәселелері туралы заңнамалық және нормативтік құқықтық құжаттарды;

3) нормативтік құқықтық актілерді, техникалық реттеу саласындағы құжаттарды

4) ақпараттық қызметтер нарығын;

5) стратегиялық құжаттарды;

6) Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңнамасын;

7) іс жүргізу туралы нұсқаулықты;

8) құжаттарды рәсімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін;

9) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

Қалаулы білімдер мен дағдылардың болуы

ҚР заңнамасын тез үйрену, ақпараттандыру және байланыс саласында жұмыс тәжірибесінің болуы

Жеке қасиеттері

Тіл табысушылық, жауапкершілік, өзін өзі жетілдіруге ұмтылу, нәтижеге бағдарлану.

Қосымша талаптар

«Магистр» дәрежесінің болуы, ағылшын тілін білуі, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының түлегі болуы құпталады.

ҰСТАНЫМ СИПАТТАМАСЫ

Функционалдық міндеттері

1) цифрлық бастамалар мен жобалар арқылы ЕАЭО цифрлық күн тәртібі шеңберінде бастамаларды пысықтау туралы ұсыныстар мен ұсынымдар жасау;

2) мониторингілеу мен бақылау, ЕАЭО жұмысы шеңберінде жобаларға арналған өлшемшарттарды жасау мәселелерін пысықтау туралы қорытындылар дайындау;

3) цифрлық күн тәртібі шеңберінде бастамаларды пысықтау мәселелері бойынша бастамашылармен және басқа да мүдделі тараптармен байланыс орнату;

4) цифрлық күн тәртібі және ақпараттандыру мәселелері бойынша ұстанымды қалыптастыру жөнінде Орталық құзыреті шегінде ұсыныстар жасау;

5) Орталық құзыреті шегінде Холдинг пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының Директорлар кеңесі материалдарына қорытындылар дайындау, экономиканы цифрлық трансформациялау жобалары жөніндегі сараптау тобына қатысу;

6) мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және холдингтермен және басқа да ұйымдармен жасалған келісімшарт міндеттемелерін сапалы орындау;

7) Орталықтың ағымдағы мәселелері туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, Холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салуларына Орталық құзыреті шегінде талдамалық есептер, материалдар дайындау;

8) Орталық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, Холдингтің құрылымдық бөлімшелеріне ресми сұранымдар дайындау;

9) ЕАЭО цифрлық күн тәртібі мәселелері жөнінде кеңестерге, жұмыс топтарына қатысу;

10) келіп түскен цифрлық бастамаларды талдау, пысықтау, бастамаларды пысықтау мәселелері жөнінде бастамашылармен және басқа да мүдделі тараптармен байланыс орнату;

11) Холдинг пен Орталық басшылығының жоспарлы және бір реттік тапсырмаларын белгіленген мерзімде және басшылық тапсырмаларының талаптарына сәйкес орындау;

12) еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

13) сапа менеджменті жүйесінің реттеуші құжаттарында белгіленген талаптарды орындау;

14) Орталық қызметі мәселелері жөнінде ішкі нормативтік актілерді әзірлеу;

15) өз бетімен білім алу, озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу, семинарларға, конференцияларға, нысаналы мақсаттағы курстарға қатысу арқылы кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;

16) Еңбек қызметін бірізділік тұрғысына арналған ішкі бизнес- процестерге, жұмыстардың орындау мерзімін сақтауға және жұмыстардың орындау жауапкершілігіне сәйкес іске асырады.