Халықаралық қызметте халықаралық байланысты жақсарту, халықаралық ұйымдармен және компаниялармен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңашылдарымен ынтымақтастықты нығайту аса маңызды фактор болып табылады.

Халықаралық озық тәжірибені зерделеу, басқа елдермен тәжірибе алмасу, мамандардың біліктіліктерін арттыру, заңнаманы дамыту және халықаралық стандарттармен үйлестіру халықаралық деңгейдегі өзара тиімді іс-қимылды талап етеді.

Маркетинг және ілгерілету департаменті – әлемдік тәжірибені, өзге елдермен өзара алмасу мүмкіндіктерін, т.б.  зерделеумен айналысатын «Зерде» Холдингісінің құрылымдық бөлімшісі.

Ірі халықаралық іс-шараларға қатысу және БҰҰ, ХЭО, БАД, Дүниежүзілік банк, ЕҚКДБ, ЭЫДҰ, ЕЭК, ЕЭҚ сынды ұйымдармен тығыз ынтымақтастық, әлемдік трендтер мен АКТ шешімдерді талдау Қазақстандағы АКТ саланының инновациялық әлеуетін дамытуға, халықаралық тәжірибені түрлі салада пайдалануға мүмкіндік туғызады.


Обратная связь