ББО-н құрудың негізгі мақсаттары: - қызмет алушылырдың МО қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен процесі туралы хабардарлық деңгейін арттыру; - мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат беру мәселелері жөнінде орталық МО-мен, облыстардың, республикалық мәндегі қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық мәндегі қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық мәндегі қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтардың әкімдерімен және қызмет көрсетушілерімен өзара әрекеттесу; - мемлекеттік қызмет бойынша ақпаратты алу үшін қызмет алушыларды бірыңғай телефондық қолжетімді нүктесімен қамтамасыз ету; - мемлекеттік қызметті көрсетудің ақырғы нәтижелерін көрсету кезінде тұрғындармен жән бизнеспен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету; - стандарттар мен көрсету реттелімдері бекітілген мемлекеттік қызмет туралы ақпарат берудің сапасы мен қолжетімдігін арттыру; хабардарлық және қажетті құжаттарды даярлау процесін жеделдету, қабылдауға жазылу есебінен азаматтар мен ұйымдардың мем.қызметті алуға уақыт әрі қаржылық шығындары азайту; ыңғайлы телефонндық байланысты және «бір терезе»  қағидаты бойынша Интернет арқылы МО-ға жүгіну, сөйтіп қызмет алушыға  ведомствоны, оның деректемелерін, қызмет беру талаптарын іздемеуге мүмкіндік жасау; - тұрғындар мен бизнестен оларды өңдеумен және талдаумен бірге шағымдарды қабылдау және тіркеу.