2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 43 тармағына сәйкес мемлекеттік емес ақпараттану жүйесін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен жеке немесе мемлекеттік органның басқа ақпарат жүйесімен интеграциялау «электрондық үкімет» шлюзін, «электрондық үкімет» төлем шлюзін ақпарат жүйелерімен интеграциялау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 Ережелеріне (әрі қарай-Ережелер) сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Ережелер «электрондық үкімет» шлюзін, «электрондық үкімет» төлем шлюзін ақпарат жүйелерімен интеграциялау тәртібін анықтайды.

Қазіргі уақытта ««Зерде» ұлттық инфокоммуникация Холдингі» АҚ ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жүзеге асыру үдерістерін оңтайландыру және сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, олар Өкілетті органға келісу үшін жіберіледі.

Ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша ұсыныстар жасау үшін екінші деңгейлі банктардың, «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді (материалдар қоса ұсынылады).


ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңы
Интеграция тәртібі
ЭҮ шлюзімен және ЭҮ төлем шлюзімен біріктіру ережелері
22.09.2016 жылғы №1 хаттама
30.09.2016 жылғы №2 хаттама
Обратная связь