Бағдарламаларды басқару шеңберіндегі «Зерде» Холдингінің негізгі міндеті – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік стратегиялық құжаттарға мынадай функцияларды қамтитын жобаларды және бағдарламаларды басқару бөлігінде ұсынымдар әзірлеу:
· АКТ саласындағы жобаларды басқару бойынша әдіснаманы консультациялық-талдамалық сүйемелдеу;
· АКТ саласындағы мемлекеттік стратегиялық құжаттар шеңберінде іске асырылатын жобалардың аудиті арқылы стандарттарымен, саясаттарымен, рәсімдерімен және шаблондарымен бірге АКТ жобаларды іске асыру процестеріне сәйкес бақылау:
· мемлекеттік стратегиялық құжаттар шеңберінде АКТ саласындағы жобаларды іске асыру бойынша коммуникацияларды үйлестіру;
· мүдделі тараптар үшін құжаттар дайындау.