Қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, экономиканы цифрландыру мәселелеріне, соның салдарынан АТ саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Холдинг өз қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының АТ-компанияларының дамуын ынталандыру мақсатында ІТ-компаниялары үшін мемлекеттік қолдау шараларына, АКТ саласындағы мәселелер мен кедергілерге талдау жүргізеді.
АТ-компанияларының өкілдерімен, АКТ саласындағы қауымдастықтармен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен тұрақты негізінде кездесулер өткізіледі.
АТ-компаниялар өкілдерімен кездесу және талқылау кезінде Холдинг АТ-компаниялардың дамуын тежейтін мәселелерді бөліп, халықаралық тәжірибе зерделенді, Қазақстан Республикасының АТ-компаниялары үшін шешудің мүмкін жолдарын ұсынды.
Бұл мәселелерді шешу үшін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрығымен 2019-2020 жылдарға арналған АТ саласын дамыту жөніндегі жол картасы (бұдан әрі-жол картасы) әзірленді және бекітілді.
Жол картасы келесі бағыттар бойынша 38 іс-шараны қамтиды:
1. Ішкі әлеует.
2. Мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту.
3. Құзыреттілік пен адами капиталды дамыту.
4. Халықаралық жылжыту.
5. "АТ-чемпиондар" бағдарламасы.
Туындаған сұрақтар бойынша А. С. Жұматаева, эл.пошта: azhumatayeva@zerde.gov.kz, тел.: +7 (7172) 576 094.
ІТ-саласын дамыту жөніндегі жол картасы