Бүгін, 2018 жылғы 12 қыркүйекте, Астана қаласында Цифрландыру мәселелері жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңестің (ХСК) үшінші отырысы өтіп, оның барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиев, ХСК-ның тұрақты мүшелері, халықаралық сарапшылар, Үкімет мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялар, холдингтер және ҮЕҰ өкілдері қатысты..
Құттықтау сөзімен ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев сөз сөйледі. Өз сөзінде Б. Сағынтаев цифрландыру элементтерін енгізу және ХСК-ның соңғы ұсынымдарын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты. Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев қазіргі уақытта Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы қабылданғанын, онда елдің тұрақты дамуына қол жеткізу және қолдау көрсету үшін негізгі міндеттер анықталғанын белгіледі.

Сараптамалық кеңестің мүшелері, IDC-ның Ресейдегі және ТМД-дағы вице-президенті Роберт Фариш, өз кезегінде, лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз ету жоғарғы деңгейде енген және кибер шабуылдар тәуекеліне анағұрлым  шалдыққыш елдер бойынша ағымдық жағдайдың талдамасын ұсынды.

Талқылауға сондай-ақ InfoWatch компаниялар тобының бас директоры Наталья Касперская, SecDev group бас директоры Рафал Роходзински, INSEAD-тың атқарушы директоры Бруно Ланвин, e-Governance Электрондық басқару академиясының негізін қалаушы Ивар Талло, Фраунгофер атындағы институттың консультативтік кеңесінің төрағасы Бургхард Шиль және Дүниежүзілік экономикалық форумның АТ және электроника бағытындағы басшысы Данил Керими, сондай-ақ бейне конференц байланыс жүйесі арқылы киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық гуру Дэн Лорман халықаралық сарапшылары қатысты және Қазақстанның аталған саладағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

INSEAD-тың жаһандық индекстер бойынша атқарушы директоры Бруно Ланвин киберқауіпсіздік бойынша мамандарды кадрлық даярлау мәселелері жөніндегі ұсынымдармен сөз сөйледі және киберқауіпсіздік саласында рейтингтер құрастыру әдістемесі туралы айтып берді. IDC-тың Ресей және ТМД-дағы Вице-президенті Роберт Фэриш киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үздік әлемдік тәжірибелер туралы айтып берді. e-Governance электрондық басқару академиясының бірлесіп негізін қалаушы және алғашқы директоры Ивар Талло өз баяндамасында блокчейн технологиясын қолданумен мемлекеттік қызметтер ұсынуды жаңғырту мәселелеріне назар аударды.

Киберқауіпсіздік тақырыбында шақырылған халықаралық сарапшылар да өз пікірін білдірді. Info/Watch компаниялар тобының бас директоры Наталья Касперская өз баяндамасында кибер шабуылдарға қарсы іс-қимыл және кибер қылмыскерлерді заңды түрде қудалау мәселелерін қозғады. Киберқауіпсіздік саласындағы сарапшы Рафал Роходзински киберқауіпсіздік саласындағы соңғы трендтер туралы айтып берді.

Отырыс қорытындылары бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне сарапшылар атаған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

ХСК «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын сапалы жүзеге асыру және нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында 2018 жылғы 2 ақпанда құрылғанын еске салайық.
  
ХСК-ның мақсаты – Қазақстан Республикасын цифрландыру процесін жүзеге асыруға халықаралық сараптамалық бағалаумен және ұсынымдармен қолдау көрсету.

ХСК құрамына ұқсас мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеге ие, цифрлық технологиялар саласында танымал әлемдік сарапшылар кіреді. Сарапшылар Ұлыбританияның, Эстонияның үкіметтік құрылымдарын және ДЭФ, Дүниежүзілік банк, Gartner, IDC мен INSEAD сияқты ұйымдарды білдіреді,

ХСК отырыстарын жылына 4 рет, тоқсан сайынғы негізде өткізу жоспарлануда.

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумының аясында, 2 ақпанда Алматы қаласында ХСК-ның бірінші отырысы өтті, оның барысында ұқсас кеңестер құрудың үздік тәжірибелері, басымдықтарды белгілеу және цифрлық трансформация бағдарламаларын жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілер тақырыптары талқыланды.

ХСК-ның екінші отырысы Астана экономикалық форумының аясында, ағымдағы жылдың 18 мамырында Астана қаласында өтті, онда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы, цифрлық үкіметті дамыту және цифрлық трансформацияда блокчейн технологиясын қолдану талқыланды.