Тарихымыз


  • «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 2008 жылғы 25 тамыздағы № 538 бұйрығымен құрылды.
  • Холдинг «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ қайта құру нәтижесінде құрылды.
  • 2008 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ еншілес компаниясы болып табылады.
  • 2008 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласы әділет Департаментімен Холдингті мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі берілді.
  • 2008 жылғы 31 қазанда Холдинг акцияларының шығарылым аңдатпасын мемлекеттік тіркеу жүргізілді.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы№ 1317 қаулысымен «Электрондық комиссия орталығы» электрондық мемлекеттік сатып алу саласында жалғыз оператор болып тағайындалды. Сол жылы Орталық «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық Холдингі мекемесінің құрылымына қосылды.
  • 2009 жылы Холдингпен 2010-2014 жылдарға арналған электрондық қызметтерді және «электрондық үкіметті» дамыту, сондай-ақ «электрондық үкімет» мәселелері және инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша медиа-жоспар әзірленді.
  • Жаңа АКТ-технологияларды және жаңа жобалардың инновациясын дамыту шеңберінде 2011 жылы ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институты құрылды және «Алатау» арнайы экономикалық зонаның қатысушысы ретінде тіркелді.
  • Ішкі және халықаралық нарықтарда АТ-салаларын насихаттау және жайғастыру шеңберінде, «Зерде» Холдингі «DIGITAL COMMUNICATION 2012» халықаралық конференциясын ұйымдастырды (Астана қ., 2011 жылғы 14-16 қыркүйек) және «GITEX TECHNOLOGY WEEK» халықаралық көрмесіне қатысты » (БАЭ, Дубай қ., 2011 жылғы 6-9 қазан).
  • 2012 жылы ҚР көлік және коммуникация Министрлігінің, Холдингтің және «Қазақтелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС және «Ксеll» АҚ қазақстандық ірі коммуникациялық компаниялардың бастамалары және қолдауы бойынша АКТ дамыту қоры құрылды.
  • 2012 жылдан бастап Холдинг негізінде стандарттар, сондай-ақ АТ саласында стандарттау жөнінде нормативтік құжаттамалар әзірленетін және келісілетін «Ақпараттық технологиялар» №34 стандарттау жөніндегі техникалық комитет (бұдан әрі– ТК 34) қызмет етеді.
  • 2012 жылы АКТ салалық стандарттарын дамыту бойынша - техникалық реттеук және метрология комитетінің бұйрықтарымен бекітілген АКТ слаасында 19 стандарт әзірленді.
  • 2013 жылы Холдинг «Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге белсене қатысты.
  • 2013 жылы халықаралық деңгейде АКТ саласында стандарттар әзірлейтін ұйымның ITU-6 біліктілігі берілді.
  • 2013 жылы АКТ дамыту қоры дамуының жеделдеу бағдаралмасына қатысуда конкурс қорытындылары бойынша KZSTART конкурсын қосқанда 300 жуық өтінімдер өңделді. Конкурстың қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар АҚШ нарығына арналған бәсекеге қабілетті өнімдер мен технологиялар құрудың мәрешілерін оқытқан шақпақтас алқабындағы жеделдету курстарынан өткен бес рекше келешекті жобалар анықталды.
  • АКТ-салаларында жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету шеңберінде 2011 жылы кәсіби АКТ-қоғамдастықты дамытуды қолдау бойынша шаралар ұйымдастырылды.
  • 2013 жылы мемлекеттік «бұлтты» платформасын (G-cloud) қолданумен ақпараттандырудың сервистік үлгісін жүзеге асыруға арналған нормативтік-әдіснамалық база әзірленді.
  • 2014 жылғы 7-8 қазанда «Global e-GovernmentForum» шеңберінде Холдингпен «Халықаралық IT Университет» АҚ бірлескен «SmartGovernment: Ғылым және Технологиялар» Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы өткізілді.
  • 2013 жылы Холдингпен АТ-білім саласында халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Заманауи ақпараттық технологиялар және АТ-білім» I ұлттық конферпенциясы өткізілді.
  • 2014 жылы ASTEX-2014 халықаралық көрме-конференциясы өткізілді.
  • 2014 жылғы қарашада ТМД Үкіметі басшыларының кеңесімен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жұмыстарды әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ТМД қатысушы-мемлекеттердің базалық ұйымы мәртебесі берілді.
  • 2014 жылы G-Cloud жобасын жіберу кезеңінің «нөльдік» жіберуі бойынша жұмыстар жүргізілді және «бұлттық технологиялар» негізінде түрлі сервистерді енгізу және сынамалы пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.
  • 2015 жылғы 21-22 мамырда 8 астаналық экономикалық форум аясында ИДМ БААК және БҰҰ «Тұрақты дамуды қаржыландырудағы инновациялық шешімдер: Әлеуметтік медианың рөлі» конференциясы өткізілді.
  • 2014-2015 жылдарда Холдинг «Ақпараттандыру туралы» және «Ақпараттандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдар жобаларын әзірлеуге белсене қатысты. Заң жобаларын жүзеге асыру үшін 51 нормативтік құқықтық акт әзірленді.
  • Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №16-ж бұйрығымен Бикеш Қайдарқызы Құрманғалиева «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 19 тамыздағы №1025 бұйрығына және «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ 2015 жылғы 02 қыркүйектегі №2535667 бұйрығына сәйкес «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік акция пакеттері Холдинг басқармасына берілді. Сонымен 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап «Қазтелерадио» АҚ Холдинг компанияларының тобына кіреді.
  • 2015 жылғы 12 қарашада "Techconnect Astana" форумының аясында «Үлкен және ашық деректер» тақырыбына Astex 2015 конференциясы өткізілді.
  • 2015 жылғы 19 қарашада «Зерде» Холдингі АҚ IDC компаниясымен бірлесіп «Меморгандарды ақпараттандырудың сервистік үлгісі» тақырыбына "IDС" Govenment Innovation Technologie" конференциясын өткізді.
  • 2015 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекетінің Басшысы Н. Назарбаев «Ақпараттандыру туралы» жаңа заңына қол қойды.
  • 2016 жылғы 06 сәүірде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттану және ақпарат комитеті төрағасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 9-жбұ бұйрығымен Әсел Жұбанышқызы Жиенбаева «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы 11 сәуірде «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметінің № 207 Қаулысымен Холдинг «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы болып белгіленді.

  • 2016 жылғы 27 маусымда «Зерде» Холдингі» АҚ «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп Еуразиялық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымын құру жөніндегі II Халықаралық конференциясын, сондай-ақ Ұлттық геоақпараттық жүйенің Road Show өткізді.

  • 2016 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласындағы «Radisson» қонақүйінде Profit Government Day 2016 «Мемлекеттік сектордағы ақпараттық технологиялар. Бизнеспен сұхбат» конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар Profit Enents және «Зерде» холдингі» АҚ.

  • 30 қазаннан бастап 19 қарашаға дейін адам капиталын дамыту және халықтың цифрлық сауатын арттыру мақсатында «Зерде» холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының 6 қаласында (Тараз, Шымкент, Қызылорда, Астана, Қостанай, Өскемен) 9-11 сынып оқушылары мен «Информатика» пәнінің мұғалімдерін Scratch бағдарламалау тіліндегі  бағдарламалау негіздеріне оқыту бойынша  көшпелі шаралар өткізді. Өткізілген шаралар қорытындысы бойынша 117 мұғалім мен 130 оқушы оқытылды.

  • 2016 жылғы 11 қарашада  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №695 қаулысымен «Зерде»  ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Ұлттық даму институты болып белгіленді.

  • 2016 жылғы 11 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын оған «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 696 қаулысы шықты.

  • 2016 жылғы 30 қарашада Астана қаласында ASTEX Astana Smart City 2016: бақытты өмір үшін «ақылды қала» халықаралық форум-көрмесі өткізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Астана қаласының әкімдігінің бастамасы бойынша «Зерде»  ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және «Астана Innovations» АҚ қатысуымен ұйымдастырылды.

  • 2016 жылғы 30 қарашада  «Астана ӘКК» ҰК»,  «Астана» халықаралық қаржылық орталығы, «Зерде» ҰИХ» АҚ арасында қаланың индустриялық-инновациялық дамуы саласында ынтымақтастық туралы меморандумға, сонымен қатар,  «Астана Innovations» АҚ,  «Зерде» ҰИХ» АҚ, «Гете институты»,  «Конвенш Бюро» ЖШС арасында төрттараптық меморандум қол қойылды.

  • 2016 жылғы 14 желтоқсанда мемлекеттік цифрлық қызметтерді дамыту, оның ішінде  Қазақстан Республикасының инфокоммуникация саласын дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында «Самрұқ-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

  • 2016 жылғы 20 желтоқсанда 4 мемлекеттік органның: ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің АТ сәулетін әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды.

  • 2017 жылғы 10-сәуірде «Зерде» Холдингінде инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша білімі бар немесе білім алып жатқан жоғары оқу орындарының студенттеріне және түлектеріне арналған тағылымдамадан өту бағдарламасы - SMART START жобасын іске қосылды.

  • 2017 жылғы 15-сәуірде «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қоры («ИТП» ДКФ) және GVA Capital Венчурлік қоры арасында Кремний алқабында ҚР өкілеттігін ашу туралы меморандумға қол қойылды.

  • 2017 жылғы 15-сәуірде «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және «Cisco» компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде «Cisco» Қазақстандағы пилоттық жобаларды іске қосуды (мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсету үшін өзіне өзі қызмет көрсету дүңгіршіктері, «Cisco» желілік академиясы, «цифрлық кеніш», IoT желісі, SmartLighting және т.б.) қаржыландыруға дайын.

  • 2017 жылғы 22-маусымда Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде «Кремний алқабы бұрышының» ресми түрде ашылу салтанаты өтті.


Обратная связь