«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ сапа саласындағы саясат және мақсаттар

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның (бұдан әрі - Холдинг) қызметінің негізгі мәні акция пакеттері Холдингтің орналастырған акцияларын төлеуге тапсырылған заңды тұлғаларды тиімді басқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде Холдингке бекітілген функцияларды іске асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысына сәйкес Холдингті «е-үкімет» қызметінің интеграторы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы №695 қаулысымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты болып анықталды.

Холдингтің миссиясы – елдің ақпараттық-коммуникациялық саласын дамыту арқылы қазақстандықтардың өмір сапасының деңгейін және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Холдингтің 2020 жылға дейінгі мақсаты ақпараттық және коммуникациялық саланың жетекші компанияларының тәжірибелерінің негізінде қызметін іске асыратын жоғары тиімді және қарқынды дамып келе жатқан холдинг болу.

Холдингтің миссиясын орындау және Холдингтің мақсатымен анықталған нәтижелерге қол жеткізу үшін Стратегияда келесі стратегиялық бағыттар анықталды:

1) «электрондық үкіметті» дамыту;
2) ақпараттық-коммуникациялық саланы дамытуға жәрдемдесу;
3) телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын дамыту;
4) қызметтің тиімділігін арттыру.

Холдингтің сапа саласындағы негізгі мақсаттары:

1) мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жәрдемдесу;
2) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сапалы және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) цифрлық технологияларды пайдалану арқылы экономиканың негізгі секторларындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуға жәрдемдесу;
5) телерадио хабарларын тарату қызметтерінің болуын қамтамасыз ету;
6) Холдинг компаниялар тобының тиімділігін арттыру.

Холдинг басшылығы Сапа саласындағы саясатты іске асыру және келесі міндеттемелерді орындау үшін жауап береді:

1) холдинг қызметкерлерін сапаны басқару үдерісіне ақпараттандырылған түрде тартуға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасау;
2) сапа саласындағы саясатты іске асыруды және сапаны басқару принциптерін және сапаны басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру және оңтайландыру үшін ресурстарды бөлуді қамтамасыз етеді;
3) сапа менеджменті жүйесіне қатысты мүдделі тараптардың қолдануға болатын талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Сәйкестік сертификаты

СМЖ сертификаттау саласы



Обратная связь