«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ құрудың негізгі мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыру үшін жағымды шарттар жасау, ақпараттық-коммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялар саласында инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру болып табылады.

Холдинг қызметінің негізгі бағыттары ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамыту, «электрондық үкіметті» одан әрі дамыту негізінде мемлекеттік басқаруды оңтайландыруға қолдау көрсету, АКТ-саласында адами капиталды дамыту және Холдинг компаниялары тобында корпоративтік басқаруды жетілдіру болып табылады.

Өз қызметінде Холдинг «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация Холдингі» АҚ компанияларының топтарын тиімді басқаруғы ықпал ететін, беделін және инвестициялық тартуды арттыратын корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне негізделеді және қолданады.

Холдингтің бекітілген құрылымына сәйкес, компания қызметінің жалпы басшылығын директор кеңесі жүзеге асырады, ол Басқарма компаниясының оның Төрағасының басшылығымен ағымдағы қызметінің міндеттерін шешуге құқық береді. Холдингтің директорлар кеңесінің міндетіне және құзыретіне Холдингтің тұрақты дамуын қамтамасыз еті міндеттеріне жауап беретін компанияның келешектегі  дамуының өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау кіреді.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ға мына компаниялар кіреді: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Казсатнет» ҰК» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ және «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту қоры» КҚ.

Обратная связь