«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ - заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында құрылған ірі қазақстандық мемлекеттік компания. Холдинг 2008 жылдың қыркүйек айында, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған.

«Зерде» Холдингі ақпараттық технологиялар нарығын дамыту мен бірыңғай ақпараттық коммуникациялық ортаны қалыптастыру мақсатында құрылған.

Холдингтің миссиясы Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды және бәсекеге қабілетті АКТ саласын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Холдингтің пайымы: «Зерде» Холдингі» АҚ АКТ-саласын дамыту үшін қажетті құралдар жинағына ие даму институты болады.

«Зерде» Холдингі» АҚ «электрондық үкіметтің» жетекші әзірлеушісіне айналады.

Холдингті құру мақсаттары:

1) инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту;
3) инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру болып табылады.

Қоғамның негізгі қызметі инфокоммуникация салалардың бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру үшінқолайлы жағдайлар жасау мақсатында еншілес компанияларды тиімді басқару, инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту, инфокоммуникация саласында инвестициялық белсенділікке жағдай жасау болып табылады.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету;

- «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту базасында мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету;

- АКТ-саласындағы адами капиталды дамыту;

- Холдинг компаниялары тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру.

Холдинг жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі БҰҰ-да «электронды үкіметке» дайындық рейтингінің жоғарлауын, мемлекеттік сатып алу жүйелерін автоматтандыруды, АКТ-білім беру саласын дамытуды қамтамасыз еткен компаниялар тобының шоғырланған пайдасын арттыру, электронды үкіметті дамыту болды. 

«Зерде» ҰИХ АҚ негізгі міндеттері мен бағыттары АКТ саласында ТМД қатысушы-мемлекеттердің арасында жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға, олардың даму ағымдарының мүмкіндіктерін болжайтын және әлемдік беталыстармен салыстыруға ықпал ететін ТМД қатысушы-мемлекеттерінің базалық ұйымы мәртебесі берілді.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация Холдингі» АҚ негізінде Қазақстан Республикасының индустрия және инновациялық технологиялар Министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің 2001 жылғы 27 шілдедегі №274 бұйрығымен құрылған «Ақпараттық технологиялар» № 34 стандарттау жөніндегі техникалық комитеті қызмет істейді.

Холдингтің негізінде ТК 34 негізгі құру мақсаты ақпараттық технологиялар саласында техникалық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша бірыңғай саясат құру, өндіру және жүзеге асыру болып табылады. ТК 34 міндеттеріне ақпараттық технологиялар саласында техникалық реттеу саласында өткізілетін шараларды әзірлеу, келісу және жүзеге асыру кіреді. ТК 34 қызметінің объектілері болып табылатындар: қайта жаңғыртылатын немесе қолданылатын болашақты бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық-технологиялық құралдардың жалпы аспектілерн қоса алғанда ақпараттық технологиялар саласындағы өнімдер, қызметтер, үдерістер.

Біздің Холдинг философиясының негізі – корпоративті дамудың басым бағытын анықтайтын және біздің күшті жағымызды көрсететін құндылықтар жүйесі.

Инновациялар. Инновациялар- біздің жұмысымыздың мәні. Бұл біздің ерекше қасиетіміз – біз үйреншікті емес шешімдерге ашықпыз және жаңа идеяларды енгізуге бағытталғанбыз. Біз біздің Холдингтің одан әрі гүлденуіне қажет, ақталатын тәуекелдерге баруға дайынбыз.

Сенімділік. Біздің барлық жұмысымыздың сенімді болуы – бастапқы мақсат. Біз күнделікті қызметтегі жігер және ұйымдастырудың жоғары деңгейінің көмегімен ұсынылатын, өнімдер мен қызметтердің сапасы мен сенімділігінің жоғары деңгейіне жетуге әрқашан талпынамыз.

Бірлік. Біз - ортақ мақсатты пікірлес топ. Әр қызметкер топтың ауыстыруға келмейтін бөлігі және Холдингтің қызметіне зор әсерін тигізеді. Холдинг табысы тек бірлесіп жұмыс, конструктивті диалог, өзара қолдау және білім мен тәжірибе ауысу кезінде ғана іске асырылады.

Обратная связь