Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11-сәуірдегі № 207 Қаулысына сәйкес «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы болып айқындалды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру нысандарын құру және дамыту жобаларын басқаруды жүзеге асырады. 

Қызметтің мақсаты

Холдинг ИТ-жобалардың бастамалаудан бастап оның аяқталғанға дейінгі барлық тіршілік кезеңі сатысында ИТ-саладағы жобаларды кәсіби басқару қызметтерін ұсынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру нысандарын құру және дамыту жобаларын (бағдарламаларын) басқару жобалардың (бағдарламалардың) кәсіби басшыларымен аутсорсинг шарттары арқылы жүзеге асырылады.

Қызметтің мақсаты жоба жетекшісі мен жобалық команданың кәсіби біліктілігінің және олардың жылдам тарта білу мүмкіндігінің арқасында ұйым жобаларын тиімді жүзеге асыруды арттыру болып табылады.

ИТ-жобаларды басқаруды жүзеге асыру кезіндегі «Зерде» ҰИХ» АҚ жұмысының негізгі қағидаттары озық халықаралық тәжірибені қолдану және өз клиенттеріне арналған жоғары сапалы қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады.

Біздің мүмкіндіктеріміз

Бастамалау сатысындағы қызметтер:

- жобаны ашу туралы бұйрықты дайындау,

- автоматтандыруға жататын бизнес-үдерістерді тексеру үдерісін басқару,

- жоба жарғысын әзірлеу,

- жобаны басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шарттар жобаларын және техникалық сипаттамаларды дайындау.

Жоспарлау сатысындағы қызметтер:

- жобалау командасын құру туралы бұйрықты дайындау,

- жоба жоспарын, жобаның сатылы құрылымын, жобаның күнтізбелік жоспарын, рөлдер мен жауапкершіліктер матрицасын әзірлеу,

- жоба тәуекелдерін, сапасын, коммуникацияларын, ресурстарын, мазмұнын және жеткізуін басқару жоспарларын дайындау.

Орындау сатысындағы қызметтер:

- жоба жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру,

- жобаға қатысушылардың өзара әрекеттесуін басқару,

- жоба бойынша жұмыс кездесулерін ұйымдастыру және өткізу,

- тәуекелдерді сәйкестендіру,

- жоба тәуекелдері бойынша ескерту әрекеттерінің сипаттамасы,

- жобаның туындаған тәуекелдері бойынша түзету әрекеттерін жүзеге асыру,

- жоба жоспарына сәйкес жұмыстарды уақтылы орындауды бақылау және мониторингілеу,

- жобаның ағымдағы жүзеге асырылуын талдау,

- жұмысты мониторингілеу бойынша аралық есептерді, таныстыруларды дайындау.

Аяқтау сатысындағы қызметтер:

- жобаны тәжірибелік, өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру бойынша жобалау құжаттамаларын дайындау,

- қабылдау сынақтарын және пайдалануға енгізуді ұйымдастыру және хаттамалау,

- тапсырыс берушіге тауарларды/қызметтерді тапсыру жөніндегі актілерді дайындау,

- жобаны жүзеге асыру туралы қорытынды есепті дайындау және таныстыру,

- жобалау құжаттарын мұрағаттау.

Нәтиже

Холдинг жоба жетекшілері мен жобалау командасының кәсіби біліктілігі ИТ-жобаларды жүзеге асыруда алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде уақытша, қаржылық және адами ресурстар шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде Тапсырыс беруші толық көлемде және белгіленген мерзімде түпкі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған кез келген күрделі ИТ-жобаларды кәсіби басқаруды алады.

 

Обратная связь