Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен (ҚР ИДМ) 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакцияда) және «Ақпараттандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі – Заңдар) Заңдары әзірленіп, қабылданды.  

Заңдарды іске асыру үшін 97 нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) әзірленді, бұл ретте НҚА бойынша ақпарат Холдингпен дайындалды.

Сонымен қоса, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік және ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары бойынша ТМД қатысушы – мемлекеттердің базалық ұйымдары (бұдан әрі – Базалық ұйым) функцияларының бірі:

 - ТМД қатысушы-мемлекеттерінің АКТ жүйелік және кең көлемді қолдануға, сондай-ақ ТМД қатысушы мемлекеттерінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамытуға және оларды әлемдік ақпараттық кеңістікпен біріктіруге бағытталған саясатын қалыптастыру мәселелері бойынша ұсынымдар дайындауға қатысу;

- АКТ саласында нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу және басқалары, Холдинг «Ақпараттық қоғамды дамыту туралы», «Үшінші тараптарға сенімділікке берілген сервистер мен қызметтер негізіндегі электрондық нотариат туралы» ТМД Үлгілік Заңдар Тұжырымдамасының жобаларын әзірледі http://zerde.org.kz/.

2015 жылғы 10 қарашада «Ақпараттық қоғамды дамыту туралы» ТМД Үлгілік Заң Тұжырымдамасының жобасы ТМД ПАА – АБД Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) 16-шы отырысында ұсынылды, оның нәтижелері бойынша мәдениет, ақпарат, туризм және спорт бойынша ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырысына енгізу үшін мақұлданды.

2016 жылғы 31 мамырда «Ақпараттық қоғамды дамыту туралы» ТМД Үлгілік Заң Тұжырымдамасының жобасы ТМД ПАА – АБД Сараптама кеңесінің қарауына қайта енгізілді, сондай-ақ осы отырыстың шеңберінде «Үшінші тараптарға сенімділікке берілген сервистер мен қызметтер негізіндегі электрондық нотариат туралы» ТМД Үлгілік Заң Тұжырымдамасының жобасы ұсынылды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ұйымның мүдделілігі жағдайында +7 (7172) 76-99-13 телефоны бойынша немесе dsmagulova@zerde.gov.kz электрондық поштасына хабарласуды сұраймыз. 

 

Обратная связь