Есептеу ресурстары

2013-2015 жылдар кезеңінде «ҚР мемлекеттік органдарына хостинг қызметтерін көрсетуге арналған серверлік интернет платформасын құру» жобасының шеңберінде ҚР өңірлерінде 14 дата-орталық пайдалануға енгізілді. Жоба «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Ұлттық ақпараттық тежнологиялар» АҚ жүзеге асырылуда. Бұл дата-орталықтар бағдарламалық-аппараттық кешеннің жүйелік-техникалық қызмет етуін және Hosting, Colocation, Software as service қызметтерін ұсынуға арналған. ДӨО қызметтері көбінесе мемлекеттік секторға бағытталған. Мемлекеттік органдардың серверлік құралдарының ДӨО ауысуы серверлік жайларды әрі  қарай салуға, жабдықтауға және жаңғыртуға шығындарды қысқартып ғана  қоймай, ақпараттық жүйелердің жұмысының сапасын жақсартады.


Телекоммуникация желілері

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасында ең бір өзекті рөлдердің бірі мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі-МО БКО) өңірлік қамтуды қамтамасыз етуге берілген. МО БКО  операторы болып «Kazsatnet»ҰК» АҚ  белгіленді. Осы бағдарламаның шеңберінде техникалық шаралардың кешені болып есептелетін «ҚР мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасын дамыту» жобасы әзірленді және ішінара жүзеге асырылды:

-Астана, Алматы қ. облыс орталықтарындағы қалалық желілерді дамыту;

Жобаның негізгі міндеті ҚР МО байланыс қызметтерінің әр түрлерін ұсынуға арналған «соңғы миляны» ұйымдастыру және тіректі қалалық желілерді салу болып табылады. 2012 – 2014 жылдар кезеңінде ҚР 13 облыс орталықтарында ТОБЖ тарту бойынша желілік бөлігі аяқталды. 2015 жылға 5 ірі қалаларда ТОБЖ тарту жұмыстары жоспарланған. Осы уақытта барлық объектілер бойынша жұмыстар болжамды мерзімдер және жоспарланған көлем шеңберінде жүргізілуде.

- аудан орталықтары үшін сымсыз құралдар негізінде БКО қолжетімді желіні ұйымдастыру;

Сымсыз желі ҚР аудан орталықтарында орналастырылған МО мекемелер арасындағы TCP/IP-хаттамалар айдағыштар бойынша ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге арналған. WiMAX технологиялары бойынша жұмыс істейтін жаңа ұрпақтың сымсыз желілер құралдарының пайда болуы, қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жоба 2015 жылы ҚР әр аудан орталығы үшін 182 базалық станция құрамында кешенді жеткізу және құруды ұйғаруда. Қазіргі уақытта жөндеу- инсталляциялық жұмыстары жүргізілуде.

- МО БКО спутниктік сегментін дамыту;.

Астан қ. аумағында спутниктің трафикті шоғырландыратын, жұмыс режимдерін бақылайтын және жерүсті желілерімен басты түйіндестіру нүктесі қызметін атқаратын Орталық жер спутниктік станциясы орналасқан. Сондай-ақ , МО БКО спутниктік сегмент желісін кеңейту шеңберінде 2012 - 2013 жылдардағы кезеңде ҚР барлық аудан орталықтарында SkyEdgeII Pro жер спутниктік станциялары орнатылды.

- МО БКО желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту.

МО БКО ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігінің бектілген саясатын қолдану, ұйымдастыру және техникалық шаралар, соның ішінде электрондық –сандық қолын,  МО БКО байланыс арналарындағы ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі - АКҚҚ) қолдану жолдарымен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, МО БКО қосылуларды қорғауды қамтамасыз ету үшін түрлі ведомстволардың және ведостволардың бөлімшелерінің ақпараттық ағынын бөлу және оқшаулауды,  МО БКО қолжетімділікті реттеу және бақылауға арналған желіаралық экрандарды, басып кіруді анықтауды жәнне болдырмауды қамтамасыз ететін техникалық шешімдер қолданылған.

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетінің жасаған шарты бойынша міндеттерді орындау шеңберінде, МО 31 бөлімшелерінде АКҚҚ құру және қосу бойынша жұмыстар орындалды.

Обратная связь