Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Холдинг Жарғысын, Холдинг бойынша бұйрықтар мен өкімдерін, Ережелерін және Холдингтің өзге де ішкі құжаттарын жетекшілікке алады.

Департаменттің негізгі міндеттері:

1) «электрондық үкімет» архитектурасы дамуының әдіснамалық қамтамасыз етуін жетілдіру;

2) Холдингтің архитектуралық тәжірибесін дамыту;

3) архитектуралық тәсілді мемлекеттік органда және Холдингтің ведомстволық бағынысты ұйымдарында жылжыту және енгізу;

4) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету;

5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді іске асырудың архитектуралық сараптамасы және мониторингі;

6) ақпараттандыру саласында архитектуралық порталды (білімдер қоймасын) қалыптастыру және жүргізу;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оңтайлы таңдауы мен тиімді енгізуін қамтамасыз ету;

8) стандарттық шешімдердің, келешектегі технологиялардың және үздік тәжірибелердің ақпараттандыруын жүргізу кезінде енгізуді анықтау және қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған міндеттерді шешу үшін Департамент келесі функцияларды атқарады:

1) Мемлекеттік органдар архитектурасын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту;

Жергілікті атқарушы органдарға зерттеу жүргізу және «электрондық әкімдік» үлгілі архитектурасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту.

2) «электрондық әкімдік» үлгілі архитектураны әзірлеу және дамыту;

3) мемлекеттік органдар архитектурасын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту;

4) сараптамалық кеңестің алдында мемлекеттік органдардың архитектурасын іске асыру бойынша жұмыс барысы туралы есепті дайындау және ұсыну;

5) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестіктің жобаларымен құрылатын немесе дамытылатын сервистік бағдарламалық өнімдерден басқа сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту бойынша жобалау тапсырмаларына сараптама жүргізу;

6) инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне және қаржылық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту техникалық тапсырмаларына мемлекеттік орган архитектурасына, «электрондық әкімдік» үлгілі архитектурасына бекітілген «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту бойынша талаптарға сәйкестілігіне сараптама жүргізу

7) мемлекеттік орган архитектурасын басқару бойынша процестердің дайындық деңгейін мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларына сәйкес бағалау;

8) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін қалыптастыру және енгізу;

9) «электрондық үкімет» архитектуралық порталда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің тіркеуін, «электрондық үкіметтің» ақпарттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуын мен «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамаларының электрондық көшірмелерін сақтауды жүзеге асыру;

10) әзірлеген бағдарламалық қамтылымдарының, бастапқы бағдарламалық кодтарының (бар болған жағдайда) және мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымдарының есепке алуы мен сақтауын жүзеге асыру;

11) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандарттық шешімдерді қолдау мүмкіндігі туралы түйіндеме беру;

12) мемлекеттік органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін архитектуралық тәсіл бойынша оқыту;

13)  мемлекеттік органдардың ақпараттандыруға кететін шығыстарды оңтайландыру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

14)  архитектураны басқару үшін корпоративтік стандарттарды әзірлеу және қолдау (саясат, бизнес-процестер, регламенттер, белгілер);

АКТ-бөлімшелерінің функционалдығы бойынша, «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің функционалдығын қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша қызмет көрсету жоспар-кестесіне сәйкес 2016 жылға келесі жұмыстар жоспарланған:

1 Ақпараттық жүйелерді құруға БИЖ20 техникалық-экономикалық негіздемелеріне сараптама жүргізу (ТЭН сараптамасы);

2 АТ-жобалары бойынша 40 техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізу (Техникалық тапсырмалар сараптамасы);

3 Ақпараттық жүйелерді құрудың (дамытудың) 10 инвестициялық ұсыныстарына сараптама жүргізу (Инвестициялық ұсыныстар сараптамасы);

4 Орталық мемлекеттік органдар архитектурасын әзірлеу:

4.1 орталық мемлекеттік органның архитектурасын қалыптастыру (жоспарланған мерзімде мемлекеттік органның архитектурасы әзірлеуге дайын болмаған жағдайда ҚРДенсаулықсақтаужәнеәлеуметтік даму министрлігінің немесе ауқымы және АК-инфрақұрылымы бойынша балама орталық мемлекеттік органның) (Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың архитектураларын әзірлеу);

4.2 орталық мемлекеттік органның архитектурасын қалыптастыру (жоспарланған мерзімде мемлекеттік органның архитектурасы әзірлеуге дайын болмаған жағдайда ҚР Энергетика министрлігінемесе ауқымы және АК-инфрақұрылымы бойынша балама орталық мемлекеттік органның) (Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың архитектураларын әзірлеу);

4.3 орталық мемлекеттік органның архитектурасын қалыптастыру (жоспарланған мерзімде мемлекеттік органның архитектурасы әзірлеуге дайын болмаған жағдайда ҚРБілімжәнеғылымминистрлігінемесе ауқымы және АК-инфрақұрылымы бойынша балама орталық мемлекеттік органның) (Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың архитектураларын әзірлеу);

4.4 орталық мемлекеттік органның архитектурасын қалыптастыру (жоспарланған мерзімде мемлекеттік органның архитектурасы әзірлеуге дайын болмаған жағдайда ҚР Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігі немесе ауқымы және АК-инфрақұрылымы бойынша балама орталық мемлекеттік органның) (Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың архитектураларын әзірлеу);

4.5 орталық мемлекеттік органның архитектурасын қалыптастыру (жоспарланған мерзімде мемлекеттік органның архитектурасы әзірлеуге дайын болмаған жағдайда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі немесе ауқымы және АК-инфрақұрылымы бойынша балама орталық мемлекеттік органның) (Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың архитектураларын әзірлеу);

5. АК-платформасының мақсаттық архитектурасын әзірлеу;

6. Мемлекеттік орган операторы көрсететін АК-қызметті іске асыру үшін сервистік бағдарламалық өнімдерді құруды, тестілеуді және дамытуды ұйымдастыру;

7. Ақпараттандыру және БАҚ енгізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

Төменде Департаменттің өз қызметін жүзеге асыратын жобалар тізімі көрсетілген:

«Электрондық үкімет» архитектура дамуының әдіснамалық қамтылымы
«Электрондық әкімдік» үлгілі архитектурасы
Мемлекеттік органдар архитектурасы
Инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне және қаржылық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту техникалық тапсырмаларына сараптамалық түйіндеме беру.
Мемлекеттік орган архитектурасын басқару бойынша процестердің дайындық деңгейін бағалау
«Электрондық үкімет» архитектуралық порталда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің тіркеу, «электрондық үкіметтің» ақпарттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамаларының электрондық көшірмелерін сақтау
Әзірлеген бағдарламалық қамтылымдарын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (бар болған жағдайда) және мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымдарын есепке алу және сақтау
Халықаралық ұйымдардың қатысуымен конференцияларды, семинарларды, форумдарды ұйымдастыру және өткізу
Мемлекеттік органның мәлімделген мұқтаждылығын іске асыру қажеттілігі және мүмкіндігі туралы түйіндеме дайындау
Электрондық үкіметтің архитектуралық порталы
«Электрондық үкімет» архитектурасын әзірлеу және дамыту

"Мемлекеттік орындардың АТ-сәулетін әзірлеу" қызметі жайлы презентация

Обратная связь