Холдингтегі ақпараттық қауіпсіздіктің қорғану объектілері болып табылатын:

·         Холдингтің құпия ақпаратты құрайтын ақпараттық ресурстар, басқа кездейсоқ және рұқсат етілмеген әсерлер мен олардың қауіпсіздігін бұзуларына сезімтал ақпараттық ресурстар (дерекқорлар, файлдар, жүйелік құжаттама, пайдаланушының нұсқаулықтары, оқұ материалдары, Холдингтің саясаттары мен рәсімдері және т.б.), соның ішінде электрондық түрінде ұсынылған көпшілікке қол жетімді ақпарат;

·         Ақпаратты өңдеу және талдау жүйелерді, оны өңдеуге, жіберуге және бейнелеуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдарды, соның ішінде ақпараттық алмасу және телекоммуникация арналарды, ақпарат тасымалдағыштарды, ақпаратты қорғау жүйелер мен құралдарды, АК ресурстарының элементтері орналастырылған объектілер мен үй-жайларды қамтитін Холдингтің ақпараттық инфрақұрылымы.

Холдингтің ақпараттық жүйелерді оларға ақпаратқа, ақпарат тасымалдағыштарға, оны өңдеу және жіберу үдерістеріне кездейсоқ немесе қасақана әсер ету арқылы ықтимал материалдық, физикалық, моральдық және басқа зиянды келтіруден қорғауы, сондай-ақ тәуекел деңгейін азайтуы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі мақсаттары болып табылады.

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі міндеттері:

·         Холдингтің ақпараттық ресурстар қауіпсіздігіне төнген қатерлерін, қаржылық, материалдық және моральдық зиянды келтіруге, оның қалыпты жұмыс істеу мен дамудың бұзылуына жағдай жасаудың себептер мен шарттарын болжау және уақытында анықтау;

·         ақпараттық ресурстарға төнген қатерлер жүзеге асырудың және зиян келтірудің ең төмен ықтималдығы қарастырылған Холдингтің жұмыс істеу шарттарды жасау;

·         нормативтік, құқықтық, ұйымдық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құралдар негізінде ақпараттық қауіпсіздігіне төнген қатерлерге және Холдингтің жүмыс істеу барысында байқалайтын үрдістерге жедел жауап қайтаруға жағдай жасайтын механизм мен шарттарды жасау;

·         жеке және заңды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды максималды мүмкін өтеуге және оқшаулауға жағдай жасайтын шарттарды жасау.

 


Обратная связь