Қазақстан Республикасының ақпараттық- коммуникациялық саласын дамыту және Холдинг базасына сәйкес ұсыныстарды жасау бойынша мәселелерді талқылау мақсатында ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың Сараптама кеңесі құрылды. Сараптама кеңесі Холдингтің Басқарма Төрағасының 2016 жылғы 27- шілдедегі "Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар жөніндегі Сараптама кеңесі туралы" №Б/23 бұйрығына сәйкес әрекет етеді.

Сараптама кеңесінің негізгі атқаратын қызметтері:

1.   ең озық әлемдік тәжірибелер есебімен АКТ саласының негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2.   АКТ- саласының нормативтік- құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3.   АКТ- саласының жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4.   АКТ- саласының жобаларын жүзеге асыру тетіктері мен үлгілері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5.   АКТ саласын дамыту үшін ақпараттандыру саласында уәкілетті органға әзірленетін ұсыныстар бағыты.

АКТ жөніндегі Сараптама кеңесінің мүшелері:

- Сервистік интегратор (Зерде ИКХ АҚ); 

- Операторлар  (ҰАТ АҚ, Казсатнет АҚ);

- "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК (ҚТС); 

-  Байланыс операторлары (Транстелеком АҚ, Қазақтелеком АҚ, Кселл); 

- АТ-компаниялар қауымдастығы , 

- ҚР жоба менеджерлерінің одағы, 

сонымен бірге қазақстандық және шетелдік компаниялардың өкілдері.

Обратная связь