«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация Холдингі (бұдан әрі–холдинг) «АрнаМедиа» ұлттық ақпараттық холдинг», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация Холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі №668 қаулысына сәйкес құрылған.
Холдингтің мемлекеттік пакет акцияларын иемдену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігінің байланыс, ақпарттандыру және ақпарат комитеті болып табылады.
Холдингтің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік меншік және жекешелендіру Комитеті болып табылады.
Холдинг қызметінің негізгі мәні пакет акциялары холдингтің орналастырылатын акцияларының төлеміне берілген заңды тұлғаларды тиімді басқару болып табылады (бұдан әрі-ЕТҰ, компания топтары). Холдингті құру мақсаттары болып табылатындар:
1) инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту;
3) инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру болып табылады.
Холдинг компанияларының тобына келесі заңды тұлғалар кіреді:
1) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;
2) «Кazsatnet» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы;
3) «Казтелерадио» акционерлік қоғамы;
4) «Инфокоммуникациялық технологияларды дамыту қоры» (АКТ) корпоративтік қоры.
Стратегия келешектегі даму бағыттарын, «Қазақстан–2050» Стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Государственной программе «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс жөніндегі уәкілетті органының стратегиялық жоспарын пайымдауға негізделген.
Холдингтің миссиясы және пайымы
Холдингтің миссиясы Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды және бәсекеге қабілетті АКТ саласын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. 
Холдингтің пайымы: «Зерде» Холдингі» АҚ АКТ-саласын дамыту үшін қажетті құралдар жинағына ие даму институты болады.
Стратегиялық бағыты: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласын институционалдық дамытуды қамтамасыз ету;
Мақсаты: АКТ салаларын дамытудың базалық институттарын құру.
Міндеттері:

1) АКТ саласында стандарттау бойынша нормативтік Құқықтық базаларды жетілдіруге және нормативтік құжаттамалар базаларын қалыптастыруға қатысу;
2) инвестициялық, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметтерін ынталандыру;
3) қазақстандық ұстауды дамыту мақсатымен АКТ салаларын талдау және мониторинг;
4) салалық АКТ өнімдері мен сервистерін, с.і. электрондық қызметтерді дәріптеу.
Стратегиялық бағыты: «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту базасында мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету
Мақсаты: 2020 жылға «электрондық үкіметтің» даму индексі бойынша Қазақстан Республикасының тұғырын бірінші 25 елдердің қатарында қамтамасыз ету.
Міндеттері:

1) халық және заңды тұлғалар үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету;
2) «ұтқыр үкіметтің» дамуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік «бұлттық» платформаны (G-cloud) қолданумен мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың аутсорсингті үлгісін енгізу;
4)мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын дамыту және тб (бұдан әрі–МОБКО).

Стратегиялық бағыт: АКТ-саласында адами капиталды дамыту
Мақсаты: халықтың және бизнестің ақпараттық қоғамға көшуінің дайындығы.
Міндеттері:

1) халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттыруға ықпал жасау;
2) жоғары және орта-техникалық білім саласында АКТ саласының мамандарының біліктілік деңгейін дайындауға және арттыруға көмек көрсету.

Стратегиялық бағыт: Холдинг қомпанияларының топтарында корпоративтік басқаруды жетілдіру
Мақсаты: холдинг компаниялары топтары қызметінің тиімділігінің өсуі.
Міндеттері:

1) холдинг компаниялары топтарының бизнес-үлгілерін жетілдіру;
2) адами ресурстарды басқару жүйесін дамыту;
3) холдинг компаниялары топтарының бейнесін арттыру.

Обратная связь